Күкірт диоксиді

Күкірт диоксиді (Диоксид серы) - өткір иісті түссіз газ. Суға түскенде күкірт қышқылын түзеді. Табиғатта жанартау газында және табиғи газда кездеседі. Алайда, қоршаған ортаға күкірт диоксидінің негізгі массасын антропогендік көздер (жылу энергетикасы, өнеркәсіп, коммуналдық- тұрмыстық сектор, көлік) шығарады. Дүние жүзіңдегі күкірт диоксидінің жалпы шығарындысы жылына 160 млн т. Батыс Еуропада атмосфераға күкірт диоксидінің барлық массасының жартысын (шамамен 20 млн т) қазынды отынмен жүмыс істейтін жылу электрстанциялары (ЖЭС) шығарады. Осының бәрі кышқыл жаңбырлар пайда болуына басты себеп болып табылады.[1]

Дереккөздер