Күн сағаты

Күн сағаттары — күн сәулесі арқылы уақыт анықтауға қолданылатын аспап. Ол ортасында дүние осіне параллель бағытта қозғалмайтын етіп бекітілген өзекшесі мен пластинкасы бар тең бөліктерге бөлінген циферблаттан тұрады.

Күн сағаттары. Уақыт 13:40

Өзекшенің циферблатқа түскен көлеңкесі өзінің әр уақыттағы тұрған қалпымен күннің тура уақытын көрсетіп тұрады. Әдетте күн сағаттарының дәлдігі бірнеше минуттан аспайды.

Түрлері

  1. Экваторлық
  2. Жазықтық
  3. Вертикальды [1]

Тарихы

Кейбір деректерге сүйенсек алғашқы күн сағатын орта ғасыр астрономия және математика ғалымы Жабир ибн Әфлаһ ойлап тапқанның айта аламыз.[2]

Мысыр

Күн сағаты қашан және қай жерде пайда болғаның нақты айтуға қиын, алайда зерттеушілер күн сағаты Мысырда пайда болғандығын айтады. Бірінші қалалық күн сағаты Күн құдайдың (Ра) құрметіне арнап ескерткіш ретінде Мысыр қалаларында салынған. Осындай ескерткіштер ғибадатханалар алдында орналасатын. Осылайша, мысыр халқы ескерткіштен пайда болатын көлеңкені пайдалана отырып, сағатты анықтай алатын.[3]

Рим

Римге бірінші күн сағаты Сицилиядан келген Валерий Масала өкілімен б.з.д. 263 жылы әкелінді. Оңтүстік ендікке бейімделмеген құрал бұрыс сағатты көрсеткен болатын. Осылайша, Марций Филлип Мысыр ендігіне сай бірінші күн сағатты шамамен 170 жылы әкелді.[4]

Қазақстандағы күн сағат

Астанадағы күн сағат жобасының авторы сәулетші Антон Максимов. Сағаттың тілінде маңызды тарихи күндер бейнеленген. Автордың идеясы бойынша сағатқа маңызды тарихи оқиғалар мен әйгілі тұлғалардың туған күндері жазылған. Сонымен қатар, сағаттың төменгі жағында келешек ұрпақтың маңызды даталарын жазатын арнайы орын қалдырылған.

Күн сағатты жасаудан бұрын шеберлер отандық обсерваториялардың мамандарынан кеңес алған. Нәтижеде – циферблаттың ортасындағы металдан жасалған өзекше дәл уақытты көрсетеді. Сағаттың дәл қанша болғанын білу үшін өзекшеден түскен көлеңкеге мұқият қарау керек. Циферблаттарда 6,9,12,15 және 18-00 сандары жазылған, көлеңке осы сандарға түскенде сағаттың неше болғанын білуге болады.

Сағатта «Ғұмыр – уақыт… Оны өзіңе бағындыра ала біл» деген сөздер жазылған.[5]

Ағылшын патшайымның күн сағаты

Elizabeth II greets NASA GSFC employees, May 8, 2007 edit

1977 жылы ағылшын патшайымы II Елизавета таққа отырғанына 25 жыл толады. Осыған орай Кристофер Даниэлдің сызбаларына сүйенген күн сағаты жасалынады. Патшаймның күн сағаты өзінің әдемілігімен және ерешкелігімен тартымды болып көрінеді. Осы сағат циферблатты ұстап тұратын екі дельфин мен тірек ретіндегі толқыннан құрастырылған. II Елизаветаның күн сағаты кәдімгі күн сағаттардан ерекшеленеді, өйткені сағат тілі көлеңке ретінде көрініс таппай, дельфиндердің құйрығыларының арасынан шығатын күн сәулесі ретінде уақытты көрсетеді. Осы әдемі және ерекше күн сағаты Лондонда орналысқан. [1] Мұрағатталған 4 наурыздың 2016 жылы. [6]

Дереккөздер

  • Русско-казахский толковый географический словарь. Под общей редакңией академика АН КазССР, проф. С. К. Кенесбаева и кандидата филол. наук А. А. Абдрахманова. Алма-Ата, Изд-во «Наука», 1966, стр. 204. (Академия наук Казахской ССР. Институт языкознания. Сектор физической географии). Составители: Ж. Аубакиров, С. Абдрахманов, К. Базарбаев.

Дереккөздер