Кәдімгі құралай

Кәдімгі құралай (лат. Carpodacus erythrinus) — Таушымшықтар тұқымдасының Құралайлар тегінің биологиялық түрі. Қазақстанда кездесетін құралайлардың ішіндегі қоқшыл түсті ең кішкене(17-30 г) денелісі.

Кәдімгі құралай


Амандық күйі

Least Concern (IUCN3.1) [1]
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі:Жануарлар
Жамағаты:Хордалылар
Табы:Құстар
Сабы:Торғайтәрізділер
Тұқымдасы:Таушымшықтар
Тегі:Құралайлар
Түрі:C. erythrinus
Екі-есімді атауы
Carpodacus erythrinus
(Pallas, 1770)
Таралу картасы
Таралу картасы
Синонимдері

Erythrina erythrina

Биологиялық сипаттамасы

Ересек аталықты басындағы және төсіндегі қауырсындардың қан қызыл реңі бойынша оңай тануға болады. Денесінің қалған үлескілері қызыл қоңыр түсті болып келеді. Аналықтары және өткен жылғы аталықтарының реңі - сұрғылт қоңыр. Аталығының әуені көбінесе сұрақ ретінде қайталанатын "Чечевицені көрдің бе?" деген әуезді қысқа ысқырық. Аналығы сайрамайды, алайда өткен жылғы аталықтар әжептеуір сайрайды.

Тек қана өсімдіктекті азықтармен қоректенеді.

Ұялау үшін ормандарды ғана емес, қалың өскен бұталарды таңдап, тауларды, субальпілік белдемге дейін көтеріледі. Қопсынған тостағанша тәрізді ұя бұтақтарға орналастырылады. Салындыдағы 4-5 сирек дақтары бар көгілдір жұмыртқаларды аналығы доғал жағынан 13-14 күн басады. Балапандарды ата-енелері 13-14 күн қоректендіреді. Ұшып кеткен ұялас балапандарды олар тағы аптаға жуық қамқорға алады.

Таралуы

Еуразияның үлкен бөлігіне өте кең таралған. Қазақстанда орманды дала зонасында, ұсақшоқылық орманды үлескілерімен оңтүстік және шығыс тау ормандарында көп мөлшерде орын тебеді. Көктемде - мамырда, күзде - тамызда және қыркүйектің алғашқы жартысында ұшып өткенде Қазақстанның кез келген жерінен көзге түседі. Үндістанда және Азияның оңтүстік-шығысында қыстайды, сондықтан оның ұшып өтуі Қазақстанның бүкіл аймағы бойынша жақсы білінеді [2]

Дереккөздер

Carpodacus erythrinus
Carpodacus erythrinus
Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Category:Carpodacus erythrinus
🔥 Top keywords: Мәңгілік бала бейнеАбай ҚұнанбайұлыТабиғи ресурстарды ұтымды пайдалануШоқан Шыңғысұлы УәлихановТәуелсіз Мемлекеттер ДостастығыҚазақстанБауыржан МомышұлыҚазақстан географиясыҒылыми-техникалық революцияСемей полигоныБасты бетҚазақстанның экологиялық проблемаларыҰлы Жібек жолыБактерияларЭкологиялық жүйеҚазақстанның сыртқы саясатыҚазақстандағы туризмБіріккен Ұлттар ҰйымыЖалпы Ұлттық ӨнімШанхай Ынтымақтастық ҰйымыДүниежүзі елдерін даму деңгейі бойынша топтастыруПопуляцияШәкәрім ҚұдайбердіұлыМемлекеттік басқару формасы бойынша елдер тізіміҚожа Ахмет Ясауи кесенесіЖалпы ішкі өнімБесеудің хатыЕкінші дүниежүзілік соғысСырым Датұлы бастаған қазақтардың ұлт-азаттық қозғалысыҚазақстанның географиялық орны мен шекараларыДамушы елдерХалықаралық ұйымдарЫбырай АлтынсаринЭкологиялық проблемаАрнайы:ІздеуБайқоңыр (ғарыш айлағы)Қаныш Имантайұлы СәтбаевВирустарТуризм