Көктамыршалар, венулалар

Көктамыршалар, венулалар (лат. venula ) — микроайналым арнасының қылтамырлардың (капиллярлардың) қосылуынан түзілетін, жұқа қабырғалы жіңішке қан тамырлары. Көктамыршалардың қабырғалары: ішкі — интима, ортаңғы — медиа (бірыңғай салалы ет ұлпасының бір қабат миоциттерінен тұрады) және сыртқы - адвентиция қабықтардан құралған. Көктамыршалардың кең арналары (30-50 мкм) арқылы қан төменгі қысыммен баяу ағып, ұлпалардағы зат алмасу нәтижесінде түзілген ыдырау өнімдері вена қанына өтеді. Бұлардың кең арналы қуыстарында денедегі қанның қоры сақталады. Көктамыршалардың жұқа қабырғаларындағы саңылаулар арқылы қаннан қоршаған ұлпаларға лейкоциттер өтеді. Көктамыршалар бір-бірімен өзара қосылып, көктамырларды (веналарды) құрайды.[1]

A.
Оттегімен қаныққан қанның көктамыршалар арқылы өтуі.

Дереккөздер


🔥 Top keywords: Мәңгілік бала бейнеАбай ҚұнанбайұлыТабиғи ресурстарды ұтымды пайдалануШоқан Шыңғысұлы УәлихановТәуелсіз Мемлекеттер ДостастығыҚазақстанБауыржан МомышұлыҚазақстан географиясыҒылыми-техникалық революцияСемей полигоныБасты бетҚазақстанның экологиялық проблемаларыҰлы Жібек жолыБактерияларЭкологиялық жүйеҚазақстанның сыртқы саясатыҚазақстандағы туризмБіріккен Ұлттар ҰйымыЖалпы Ұлттық ӨнімШанхай Ынтымақтастық ҰйымыДүниежүзі елдерін даму деңгейі бойынша топтастыруПопуляцияШәкәрім ҚұдайбердіұлыМемлекеттік басқару формасы бойынша елдер тізіміҚожа Ахмет Ясауи кесенесіЖалпы ішкі өнімБесеудің хатыЕкінші дүниежүзілік соғысСырым Датұлы бастаған қазақтардың ұлт-азаттық қозғалысыҚазақстанның географиялық орны мен шекараларыДамушы елдерХалықаралық ұйымдарЫбырай АлтынсаринЭкологиялық проблемаАрнайы:ІздеуБайқоңыр (ғарыш айлағы)Қаныш Имантайұлы СәтбаевВирустарТуризм