Көтеру-тасымалдау машиналары

Көтеру-тасымалдау машиналарыжүкті, адамдарды тік, жазық немесе көлбеу бағыттарда тасымалдауға арналған машиналар жиынтығы.

Жұмыс істеу принциптеріне қарай бұлар өнеркәсіпте, құрылыста, көлікте, тау-кен ісінде және ауыл шаруашылығында жүк көтеру-түсіру, тиеу, тасымалдау үшін, көп қабатты тұрғын үйде, қоғамдық және өндірістік үймеретте, шахтада, метрополитен станцияларында адамдарды жеткізіп салу үшін қолданады. Атқаратын қызметі мен жүкті тасымалдау сипатына байланысты К.-т. м. жүк көтергіш машина мен механизмдер, тасымалдауыш машиналар, рельсті және рельссіз (жердегі) көлік машиналары, жүк тиеу-түсіру машиналары болып бөлінеді. Іс-әрекетіне қарай К.-т. м. қайталамалы (циклды) және үздіксіз әрекетті болып ажыратылады. Циклды әрекет ететіндер қатарына домкрат, блок, полиспаст сияқты жетексіз жүк көтергіш құрылғылармен бірге күрделі электрлік-мех., гидравлик. және пневматик. жетегі бар жүккөтергілер (шығыр, автокөтергі, авто- және электр тиеуіш, т.б.), сондай-ақ көтергіш кран, автокар, лифт, фуникулер және скип, шахта кілеті тәрізді көтергіштер жатады. Үздіксіз қимылды К.-т. м. қатарына: конвейер, эскалатор, рольганг (жетексізі), пневматик. және гидравлик. көлік құрылғылары кіреді. Сыңар рельсті жол мен аспалы жол да К.-т. м. болып саналады.[1]

Дереккөздер

🔥 Top keywords: Мәңгілік бала бейнеАбай ҚұнанбайұлыТабиғи ресурстарды ұтымды пайдалануШоқан Шыңғысұлы УәлихановТәуелсіз Мемлекеттер ДостастығыҚазақстанБауыржан МомышұлыҚазақстан географиясыҒылыми-техникалық революцияСемей полигоныБасты бетҚазақстанның экологиялық проблемаларыҰлы Жібек жолыБактерияларЭкологиялық жүйеҚазақстанның сыртқы саясатыҚазақстандағы туризмБіріккен Ұлттар ҰйымыЖалпы Ұлттық ӨнімШанхай Ынтымақтастық ҰйымыДүниежүзі елдерін даму деңгейі бойынша топтастыруПопуляцияШәкәрім ҚұдайбердіұлыМемлекеттік басқару формасы бойынша елдер тізіміҚожа Ахмет Ясауи кесенесіЖалпы ішкі өнімБесеудің хатыЕкінші дүниежүзілік соғысСырым Датұлы бастаған қазақтардың ұлт-азаттық қозғалысыҚазақстанның географиялық орны мен шекараларыДамушы елдерХалықаралық ұйымдарЫбырай АлтынсаринЭкологиялық проблемаАрнайы:ІздеуБайқоңыр (ғарыш айлағы)Қаныш Имантайұлы СәтбаевВирустарТуризм