Люизит

Люизит — қоңыр түсті, өткір иісті, тері-іріңдік, тітіркендіретін күшті улағыш зат. Иприттен айырмашылығы әсерінің жасырын кезеңі жоқ. Американ химигі У.Л.Льюстің (1917 ж. улағыш зат ретінде қолдануды үсынған) құрметіне аталған. Техникалық Люизит — ащы, тітіркендіретін иісті, суда ерімейтін, органикалық еріткіштерде жақсы еритін сұйық. Люизит ацетилинді (С2Н2) үш хлорлы мышьякқа (ASCl3) катализаторларды (АСl3HgСl2 және басқа) қатыстыру аркылы қосу нәтижесінде алынады. Өте қауіпті концентрациясы тыныс органдары арқылы әсер еткенде — 0,25 мг/л (15 мин ішінде); теріге тигенде — 25 мг/кг. Люизиттен қорғану құралдары — газтұмылдырық және қорғаныш киімдер. Онымен уланған жағдайда емделудің ең тиімді жолы — димеркаптопропанал және оны алмастырушылар. Ұрыс операцияларында Люизит қолданылмаған.[1]

Дереккөздер


🔥 Top keywords: Мәңгілік бала бейнеАбай ҚұнанбайұлыТабиғи ресурстарды ұтымды пайдалануШоқан Шыңғысұлы УәлихановТәуелсіз Мемлекеттер ДостастығыҚазақстанБауыржан МомышұлыҚазақстан географиясыҒылыми-техникалық революцияСемей полигоныБасты бетҚазақстанның экологиялық проблемаларыҰлы Жібек жолыБактерияларЭкологиялық жүйеҚазақстанның сыртқы саясатыҚазақстандағы туризмБіріккен Ұлттар ҰйымыЖалпы Ұлттық ӨнімШанхай Ынтымақтастық ҰйымыДүниежүзі елдерін даму деңгейі бойынша топтастыруПопуляцияШәкәрім ҚұдайбердіұлыМемлекеттік басқару формасы бойынша елдер тізіміҚожа Ахмет Ясауи кесенесіЖалпы ішкі өнімБесеудің хатыЕкінші дүниежүзілік соғысСырым Датұлы бастаған қазақтардың ұлт-азаттық қозғалысыҚазақстанның географиялық орны мен шекараларыДамушы елдерХалықаралық ұйымдарЫбырай АлтынсаринЭкологиялық проблемаАрнайы:ІздеуБайқоңыр (ғарыш айлағы)Қаныш Имантайұлы СәтбаевВирустарТуризм