Майкл Баффер

Майкл Баффер (ағылш. Michael Buffer; 2 қараша 1944, Филадельфия, Пенсильванияда туған) — бокс әлеміндегі кәсіпқой конферансье. Ол өзінің әр айқас сайын айтатын: «Let’s get ready to rumble!» («Төбелеске дайындалыңдар») атты фирмалық сөзімен танымал. Онымен қоса боксшыларды ерекше таныстыруымен танылған. Ол спортшының есімін айтқанда белгілі бір дыбыстарды созады. Сондықтан оның дауысын кез келген бокссүйер қауым жазбай таниды. «Let’s get ready to rumble!» сөз тіркесін Баффер 1980-ші жылдардан бастап қолдана бастады. 1992 жылы ол бұл сөз тіркесін патенттеп алған. Қазір Баффер оның әртүрлі нұсқаларын жарнамалық мақсатта қолданады, мысалға компьютерлік ойындарда.

Қызықты деректер

  • .Өзінің бүкіл мансабында ол $ 400 млн табыс тапқан.
  • .Майклдың туысы Брюс Баффер UFC айқастарында ринг-анонсер қызметін атқарады.
  • .Майкл Баффер Рокки Бальбоа фильмінде өз-өзін сомдаған.
  • .«Зоханмен әзілдеспеңдер» фильміне түскен.
  • .«Симпсоны» мультсериалында кішігірім эпизодта өз-өзін дыбыстаған.
  • .WCW Monday Nitro ұйымдастырған реслинг кештеріне басты айқасты таныстыру үшін бірнеше рет шақырылған.
  • .Майкл Баффердың дауысы AksBand тобының «Бір соққыдан» әнінде қолданылған.
  • .2014 жылы 1 маусымда халықаралық II «THEGOLDEN GLOVES 2: BLACK ENERGY» сыйлығының лауреаты атанды, сонымен қатар "Бокс дауысы" атты номинацияда эксклюзивті алтын қолғапты иеленді
🔥 Top keywords: Мәңгілік бала бейнеАбай ҚұнанбайұлыТабиғи ресурстарды ұтымды пайдалануШоқан Шыңғысұлы УәлихановТәуелсіз Мемлекеттер ДостастығыҚазақстанБауыржан МомышұлыҚазақстан географиясыҒылыми-техникалық революцияСемей полигоныБасты бетҚазақстанның экологиялық проблемаларыҰлы Жібек жолыБактерияларЭкологиялық жүйеҚазақстанның сыртқы саясатыҚазақстандағы туризмБіріккен Ұлттар ҰйымыЖалпы Ұлттық ӨнімШанхай Ынтымақтастық ҰйымыДүниежүзі елдерін даму деңгейі бойынша топтастыруПопуляцияШәкәрім ҚұдайбердіұлыМемлекеттік басқару формасы бойынша елдер тізіміҚожа Ахмет Ясауи кесенесіЖалпы ішкі өнімБесеудің хатыЕкінші дүниежүзілік соғысСырым Датұлы бастаған қазақтардың ұлт-азаттық қозғалысыҚазақстанның географиялық орны мен шекараларыДамушы елдерХалықаралық ұйымдарЫбырай АлтынсаринЭкологиялық проблемаАрнайы:ІздеуБайқоңыр (ғарыш айлағы)Қаныш Имантайұлы СәтбаевВирустарТуризм