Май безі

Май безі (сальная железа); (glandulae sebaceae, лат. glandula — без, sebum - май) — құрылысы жағынан қарапайым, көбінесе, тарамдалған альвеолалы (көпіршікше), сөл бөлуіне байланысты голокринді бездерге жатады. Май безі терінің емізікше қабатында және емізікшемен торлы қабаттардың шекараларында орналасады.Май безінің секрет бөлетін соңғы бөлімін көпқабаттыбезді эпителий құрайды. Бездің қысқа келген шығаруөзегі түк түбірі фолликулына ашылады. Май безініңсекреті тері түктері қабаттары мен түк түбірі эпидермисін майлайды, микроорганизмдер мен шаңды өткізбейді, қорғаныс қызметін атқарады.[1]

Дереккөздер