Мануил I Комнин

Мануил I Комнин (Manuel I Comnenus) ( 28 қараша 1118 жыл — 24 қыркүйек 1180 жыл), византиялық император (1143 - 80). [1].ИОАНН II КОМНИННІҢ ҰЛЫ, Сицилия мен Антиохиядағы нормандарға қарсы шығып, Батыстағы әскери байланыстарды қайта орнатты.

Апулияны (1155) жылдам алды, бірақ Германия, Венеция және нормандардың күші біріктірілген Бриндизиден жеңіліс тапты; Византия Италияның барлық иелегінен айырылды.

Мемлекеттік кресшілермен (1158-59) қарым-қатынасында өз беделін нығайтты, Византияның Балқанға, Венгрия мен Сербияға билік жүргізуін күшейтті, империяға Далмация, Хорватия және Босния (1167) енеді.

Түрік-сельджуктерге қарсы қол көтерді (1176), оның жеңілуі Византия империясы билігінің әлсізденуін көрсетті, императордың Рим империясын қалпына келтіру туралы жоспарлары талқандалды.

Дереккөздер

<references>