Мау төрағаның сөздері

Мау төрағаның сөздері (жеңіл. қыт.: 毛主席语录; пінин: Máo zhǔxí yǔlù), 1966 жылдан бастап қытай үкіметі шығара бастаған кітап. Ол Мау Жедөңның сөйлеген сөздерінен алынған үзінділерден тұрады. Бұл кітап маоизм саяси бағытының иманшарты және оны зерттеудегі маңызды дерек көзі болып саналады.

Кітаптың неміс тіліндегі басылымының мұқабасы, Бейжің, 1972

Осы кітаптың көптеген тілдерде шамамен 1 миллиардқа жуық данасы жарық көрген. Ол Қытайда 19661976 жылдар аралығында болған Мәдени төңкеріс кезінде зор маңызға ие болған. Оны әрбір қытай азаматы әрқашан өзімен бірге алып жүруге тиіс болған.

Алғысөзі

Мау төрағаның сөздері кітабын Үлкен секіріс науқанынан кейін қорғаныс министрі Лин Биао Халық-азаттық армиясының жауынгерлеріне саяси тәрбие беру құралы ретінде құрастырды.

Лин Биаоның екінші басылымға жазған алғысөзінен үзінді

Мау Жедөң жолдас — біздің заманымыздың ең көрнекті марксист-ленинисі. Мау Жедөң жолдас марксизм-ленинизмді кемеңгерлік, творчестволық және жан-жақты түрде мұра ретінде қабылдап алып, оны қорғап, одан әрі дамытты. Ол марксизм-ленинизмді жаңа сатыға көтерді.Мау Жедөң ілімі — империализм өзінің толық күйреуіне бет алып, социализм бүкілдүниежүзілік салтанат құрып жатқан заманның марксизм-ленинизмі. Мау Жедөң ілімі — империализмге қарсы күресте қолданатын қуатты идеологиялық қару, әрі ол ревизионизм мен догматизге қарсы күресте қолданатын қуатты идеологиялық қару. Мау Жедөң ілімі — бүкіл партияның, бүкіл армияның, бүкіл елдің бірлесе еңбек етуіндегі басты қағида…

Мазмұны

Бұл кітапша 33 бөлімге бөлінген, солардың әрқайсысында Мау Жедөңның шығармалары мен сөздерінен алынған 25 шақты үзінді топтастырылған.

Дәйексөздер 40 жыл аралығында айтылған сөздер мен жазылған шығармалардан алынған. Олардың басты тақырыптары — ҚКП, соғыс жүргізу өнері, революциялық тәрбие, тәртіп, өзін-өзі сынау, мәдениет және басқа да тақырыптар. Ол дәйексөздер бір ортақ тақырыппен біріктірілген және ешбір түсініктемелерсіз бір-біріне тізілген.

Кітапта келтірілген дйексіздердің ұзын саны 427, тақырып бойынша кітап 33 тарауға бөлінген .

Дәйексөздер саныҚазақшаҚытайшаҚысқаша тақырыбы
113Коммунистік партия共产党Қытай Коммунистік Партиясы —Қытай революциясының түп қазығы, оның ілімі марксизм-ленинизмге негізделген. Партиялық сын партияның өз ішінде жүргізілуі керек.
222Таптар мен таптар күресі阶级和阶级斗争Шаруалар және қытай халқы ішкі және сыртқы жау элементтерін жеңу үшін революция керек және таптар және таптар күресін тани білу керек. Бұл оңай, таза немесе тез күрес емес.
328Социализм мен коммунизм社会主义和共产主义Қытайда социализмді дамыту керек. Ол мақсатқа апаратын жол болса — уақыт өте социализм мен коммунизмді біте қайнастыратын демократиялық революция. Орташа шаруалармен бірігіп, оларға капитализмнің осал тұстарын көрсету де маңызды.
416Халықтар арасындағы қайшылықтарды қалай дұрыс шешу керек正确处理人民内部矛盾Қарама-қайшылықтардың кем дегенде екі негізгі түрі бар: социалистік елдер мен олардың капиталист көршілерінің арасындағы қарама-қайшылықтар және халықтың және халық жауларының арасындағы қарама-қайшылықтар. Екінші түрі — Қытайдың жаңа жолының дұрыстығына көз жеткізбеген халықтың өз ішіндегі қарама-қайшылықтар. Бұндай қарама-қайшылықтарды демократиялық және үгіттеу жолымен шешу керек.
521Соғыс пен бейбітшілік战争与和平Соғыс — саясаттың жалғасы, оның екі түрі болады: әділетті (прогрессивті) және тек буржуазияның мүдделеріне ғана қызмет ететін әділетсіз соғыстар. Біз соғысқұмар болмасақ та, империалистердің құйтырқы әрекеттеріне қарсы әділетті соғыстар жүргізуге дайын болуымыз керек.
610Империализм және реакционер атаулының бәрі — қағаз жолбарыс帝国主义和一切反动派都是纸老虎АҚШ империализмінің және еуропалық және ішкі реакционер күштердің төндіретін қаупін жоққа шығаруға болмайды, бұл жағынан олар шынайы жолбарыстай қауіпті. Алайда қытай коммунизмінің мақсаты әділетті болғандықтан, ал реакцинерлердің мақсаттары өзімшіл әрі әділетсіз болғандықтан, күрестің арқасында олардың соншалықты қауіпті еместігін айқын болады.
710Күресуге деген батылдық және жеңіске жетуге деген батылдық敢于斗争,敢于胜利Күрес дегеніміз тартымды іс емес, Қытай халқы күрестен аулақ болуды қалар еді. Алайда олар сыртқы болсын, ішкі болсын, реакционерлік элементтерге қарсы әділетті, өз-өзін қорғау күресін жүргізуге әрқашан дайын.
810Халық соғысы人民战争Қытайдың қалың бұқарасы — жапон империализміне және ішкі реакционерлерге қарсы күрестің ең зор қаруы. Гомиңдаңға қарсы соғыстың негізгі бағыттары.
98Халық армиясы人民军队Халық армиясы — әскери күш қана емес, ол партияның саяси мақсаттарын жүзеге асырудың және өндірістің де құралы.
1014Партия комитетін басқару党委领导Партияның ішкі өмірі. Комитеттерді басқалардың билеп алуына жол бермеу керек. Партия мүшелері түрлі мәселелер туралы пікірталастарда адалдық және ашықтық көрсете білулері, үйреніп, көп міндеттер атқара білулері керек.
1122Бұқаралық бағыт群众路线Бұқаралық бағыт Қытай халқының қалың бұқараларының шексіз мүмкіндіктерін көрсетеді. Партия мүшелері әрқашан бұқараны есепке алып, саясатты бұқараның мүдделеріне сәйкес болатындай етіп жүргізулері керек.
1221Саяси жұмыс政治工作Зиялылар, студенттер, әскерилер және қарапайым шаруалар саяси жұмысқа жете назар аударып, онымен айналысуға міндетті. Бұл әсіресе соғыс жағдайында маңызды.
137Офицерлер мен жауынгерлер арасындағы қатынастар官兵关系Офицерлер мен жауынгерлердің арасындағы қарым-қатынастардың түзу және демократиялық қалыпта болуы әскерді күшейтеді.
146Армия мен халық арасындағы қатынастар军民关系Халықтың әскерді, әскердің халықты ардақтап-құрметтеуі — еш жеңілмес күш. Әскер мен халық өзара құрмет негізінде бірігуі тиіс.
158Үш басты алаңдағы демократия三大民主Демократия мен адалдық әскерді реформалауда, сол сияқты партия және кадрлар өмірін реформалауда маңызды орын алады. «Әсіре демократия», яғни тәртіпке деген өзімшіл буржуазиялық жиренішке орын жоқ.
169Әскери құрамалардың дайындығы мен жаттығуы教育和训练Әскер, партия және кадрлар үшін тәлім-тәрбиенің практикалық және саяси негізі болуы керек. Демократиялық жолмен істелетін болса, офицерлердің жауынгерлерге, жауынгерлердің офицерлерге және жауынгерлердің бір-біріне тәлім-тәрбие беруімүмкін болады.
179Халыққа қызмет ету为人民服务Халыққа қызмет ету — кадрлардың және партияның борышы. Халық мүддесін әрқашан жүрегінде ұстамайынша, олардың атқаратын жұмыстары пайдасыз.
187Отаншылдық пен интернационализм爱国主义和国际主义Социалистік ұлттың отаншылдығы және басқа елдердегі әділетті күреске деген шын пейіл бір-біріне мүлдем қайшы емес. Керісінше, олардың арасында терең байланыс бар, себебі социализм бүкіл дүние жүзіне тарамақ. Әр елдің кішіпейілдік сақтап, өркөкіректікке бой ұрмауы да маңызды.
198Революциялық ерлік革命英雄主义Дәл сондай бұқаралардың шексіз қайратын әскерде, олардың күресінде және құрыштай еркінде көруге болады.
208Шыдамдылық пен ынсаптылық арқылы елімізді көркейту勤俭建国Қытайдың алға басуы үшін шыдамдылық пен ынсаптылық керек. Қытай тек 50 жылдан кейін ғана алға басатын болса да босаңсуға болмайды.
2113Өз күшіне сенім арту және ауыр күрес自力更生,艰苦奋斗Тап күресін жүргізумен қатар, революция барысында Қытайдың тек өз күштеріне сенім артуы маңызды. Сонымен бірге адамдардың жүйеде тек жақсыны немесе тек жаманды ғана көріп, басқаны байқамауы — қате.
2241Ойлау және жұмыс әдістері思想方法和工作方法Қарама-қарсылықтардың арасында үзбес күрес жүретінін ашқан марксистік диалектикалық материализм — үзбес жақсарудың ең тиімді тәсілі. Нақты қиындықтарды жалпылама ережелердің негізінде талдап-зерттеу дұрыс
239Зерттеу мен іздеу调查研究Бір мәселені зерттеп-түсіну үшін болған жайттарды және мәселенің шығу тарихын зерттеу керек.
2415Жалған ұғымдарды түзету纠正错误思想Өркөкіректік, жемісті кезеңнен кейін босаңсып қалу, жұмыстан қашқақтау және либерализм — Қытайдың дамуында осы жаман нәрселерден аулақ болу керек. Либерализм дегеніміз — мәселе өсе берсе де, қазір «өз құлағым тыныш болса екен» деп жұмыс не күрестен жалтару.
255Бірлік团结Бұқараның, партияның және бүкіл елдің бірлігі өте маңызды. Алайда бірлікті сезініп, оны сақтай отырып, жолдастық рухта жүргізілген сынның да өз орны бар. Диалектикалық әдіс дегеніміз — осы.
265Тәртіп纪律/紀律Демократия мен тәртіп өзара қайшы емес. Әскери тәртіптің негізгі ережелері.
2715Сын және өзара сын批评和自我批评Сын — партияны күшейтуде негізгі орын алатын марксистік диалектикалық әдістің бір бөлігі. Сондықтан коммунистер одан қашпаулары керек, керісінше, онымен белсенді түрде айналысулары керек.
2818Коммунистер共产党员Коммунист өзімшіл болмауға, әрқашан халықтың мүдделерін басты орынға қоюға тиіс. Ол ой өрісі кең, ақылды, көреген болуы керек.
2911Кадрлар干部Халықпен бірлесудің және халыққа қызмет етудің құралы — кадрлар, олар марксизм-ленинизмді терең түсініп-білуге тиіс. Мәселелерді шешуде олар жетелеуді және өздерінің талаптарын ұштастыра білулері керек.
307Жастар青年Қытай жастары — Қытайдың белсенді әрі өміршең қозғаушы күші. Жастарды тәрбиелеп, дұрыс бағыт көрсетіп отыру керек, ал Жастар Одағы олардың мәселелері мен мүдделеріне ерекше назар аударып отыруы керек.
317Әйелдер妇女/婦女Әйелдер — Қытайдың зор жемісті күштерінің бірі. Ер мен әйелдің арасындағы теңдік — социализмнің мақсаттарының бірі. Әйелдердің үлесіне тиетін көптеген ауыртпалықтарды жеңілдетілулері керек.
328Мәдениет пен өнер文化艺术/文化藝術Әдебиет пен өнердің социализмде алатын орны туралы айтылады.
3316Оқу学习Әркім өзінің мәдени деңгейін көтеріп, марксизм-ленинизмді терең зерттеуге тиіс. Адам өз айналасында болып жатқан оқиғаларға да назар аударуға тиіс.

Әсері

Басылып шығарылған даналарының саны 900 миллионнан астам. Кітаптың мұншалықты кең тарауының себебі, Мау билігінің соңғы он жылында Қытайдың әрбір азаматы оны иемденіп, оқып, әрқашан өзімен бірге алып жүруге тиіс болатын. Коммунист партиясы күдікті деп санайтын адамдар сол кітапты қалтасынан алып көрсете алмаған кезде оларды қызыл сақшылар дәл сол жерде ұрып-соғып, тіпті бірнеше жылға дейін еңбекпен түзеуге жібере алатын.

Мәдени төңкеріс кезінде кітапты мектептерде ғана емес, жұмыс орнында да зерттеу міндетті болып саналған. Өнеркәсіп, сауда, ауыл шаруашылығы, әкімшілік және әскери салаларда барлық қызметшілер жұмыс кезінде жиналып, осы кітапты оқып-зерттеуге уақыт бөлінетін. «Мау төрағаның сөздері» кітабынан алынған үзінділерді барлық шығармалар, тіпті ғылыми шығармалар да келтіруге тиіс болған.

1960-шы жылдары осы кітап бүкіл Қытай Халық Республикасы бойынша өте кең тараған болатын, тіпті Мау төрағаның бейнелерінен де көп тараған. Коммунистік партияның үгіт-насихат құралдарында бейнеленген барлық дерлік кейіпкерлер сол кітапты ұстап, жымиған немесе белді бекем буған күйде бейнеленетін.

1976 жылы мәдени төңкеріс біткен соң және 1978 жылы Дың Шәупін билік басына келген соң Мау төрағаның сөздері кітабының маңызы көп азайып, оны қолдану солшыл бұрмалаушылық және жеке басқа табыну деп қарастырыла бастады.

Сыртқы сілтемелер