Мақала

Мақала (ағылш. article; entry, clause) -

  1. Интернет желісіндежаңалықтар тобының (newsgroup) хабарламасы ;
  2. Мәліметтер объектілерін сипаттау формасы.[1]
  3. Мақала - коғамдық-әлеуметтік мәселелер туралы жазылған публицистикалық жанрдағы шығарма.[2]
    • Мақала 4 түрге бөлінеді:
Южаковтың үлкен энциклопедиясы
    1. Бас мақала заманымыздың негізгі бағытын, үкіметтің алға қойған саяси, шаруашылық, мәдени міндеттерді түсіндіріп, іске бағыт береді;
    2. Проблемалық мақала шешуді, тексеруді, зерттеуді қажет ететін теориялық және практикалық мәселелерді көтереді;
    3. Насихаттық мақала ғылым, техника, өнер жаңалықтары заман талабына сай бүгінгі өмірдің практикалық міндеттерімен байланыстырып отырады;
    4. Публицистикалық мақала қоғамдық-әлеуметтік және саяси маңызы зор оқиғалар мен құбылыстарды, дәуір тынысын көтеріңкі үнмен, көркем тілмен баяндайды.

Дереккөздер