Медеу Пұсырманұлы

Медеу Пұсырманұлы [1] (1850, қазіргі Алматы облысы Жамбыл ауданы — 1908, Алматы) — қоғам қайраткері. Ұлы жүздің шапырашты тайпасының есқожа руынан. Әкесі Пұсырман Жетісу өңірінде патшалық Ресей үстемдігінің орнауына қарсылық танытқан және қоқандықтарға қарсы күресте Сұраншы батырмен тізе қосқан. Верный уездінің Кіші Алматы болыстығына қарасты 3-ауылда тұрған Медеу 1898 ж. билік орындарының рұқсатымен Кіші Алматы аңғарында (қазіргі Алматы қаласындағы “Медеу” қонақ үйі орналасқан жер) ағаш үй салдырады. Ол белгілі архитектор А.П. Зенковпен жақсы қарым-қатынаста болды. А.П.Зенков Медеудің қала ортасында салынған (қазір Масанчи және Бөгенбай көшелерінің қиылысында) ағаш үйінің жобасын сызып береді. 1900 — 1907 ж. діни ағарту саласында жұмыс жасайды. 1906 ж. Медеу Меккеге қажылыққа барды. Қаланы көгалдандыруға белсене атсалысып, түрлі қайырымдылық істерге қатысқан Медеу 58 жасында қайтыс болған. Қабірі Алматы маңындағы “Бірінші май” тоғанының ірге тұсында.[2]

Дереккөздер