Меланосома

Меланосомажарыққа сезімтал меланиндер пигментін синтездейтін және сақтайтын органелла.

7 есе жеделдетілген видеодағы адреналиннің әсерінен өзгерген балық меланофорлары: қара түсті меланосомалар жасушалардың орта тұсына жиналады.
Меланофорлар — өзіндегі меланосомаларды тарату және шоғырландыру арқасында түсті өзгерте алатын жасушалар.

Меланосомалар жануарлар жасушаларында түсті өзгерту, сондай-ақ жарықтан қорғау қызметтерін атқарады.

Органелланың диаметрі 500 нанометрге дейін барады. Олар меланоциттер немесе меланофорлар деп аталатын жасушалардың құрамында болады, сондай-ақ торлы қабықтың пигментті эпителиінде болады.[1][2]

Меланоциттердің ішінде меланосомалар көбінесе қозғалыссыз күйде болады, ал меланофорларда дисперсиялана алады. Меланосомалардың қозғалысы негізімен гормондардың әрекетіне тәуелді болады.

Меланофорлар балықтарда, бақаларда, кесірткелерде (хамелеондарда) кең таралған.

Соңғы зерттеулерге қарағанда, меланосомалар өрмекшілер жасушаларыныӊ құрамында да бар екені анықталды.[3]

Дереккөздер