Мемлекеттік кәсіпорын

Мемлекеттік Кәсіпорын[1] — мүлкі мемлекетке тиесілі және салымдар, үлестер, акциялар бойынша бөлінбейтін кәсіпорын. Оны құрған кезде жарғылық капитал теңгерімде бөліп көрсетілмейді. Мемлекеттік кәсіпорындардың басшыларын мемлекеттік органдар келісімшартқа сәйкес жалдайды және жұмыстан босатады. Бюджеттік кәсіпорын смета бойынша бюджеттен қаржыландырылады. Мемлекеттік кәсіпорындарға жедел басқару құқығына негізделген кәсіпорындар (қазыналық кәсіпорын, мекеме), шаруашылық жүргізу құқығына негізделген кәсіпорындар жатады.

Дереккөздер