Моңғол тілдері

Моңғол тілдері — алтай макроәулетінің құрамына кіреді. Моңғолия, Қытай, Ресей және Ауғанстандағы бір-біріне ұқсас тілдерді біріктіреді. Лексикостатистиканың деректері бойынша шамамен V ғасырда жойылған.

Моңғол тілдері
Жоғрапиялық
таралуы:
Шығу тегі Моңғолиядан Солтүстік Қытайға, Ресейге (Бурятия, Қалмақия) дейін таралған
Жаралу бойынша
тектестіруі:
Алтай
 Моңғол тілдері
Бөлікшелері:
Қидан тілі
Моңғор тілі
Қалмақ тілі
Бурят тілі және т.б.

Осы тілде сөйлеушілер — мәдениеті және тілдері ұқсас моңғол халықтары. Сонымен қатар, классикалық моңғолша 1940 жылға дейін тывалықтардың жазба әдебиетінің қызметін атқарған.

Моңғол тілдеріне түркілерден көптеген кірме сөздер кірген, бірақ ол тілдік қатынастарды зерттеуге қиындық туғызады. Қазірге дейін Моңғолия мен Қытайда түрік-моңғолдық халықтар тұрады. Мысалы: хотондар, сары ұйғырлар және т.б.

Классификация

Солтүстік моңғолдық топ

  • Ежелгі моңғол жазбасы (классикалық ежелгі моңғол жазуы) — XIII ғ. мен XVII ғ. дейін барлық моңғол тайпаларының ортақ әдеби тілі болған.
    • Орта моңғол тілі (XIII-XVI ғғ.)
    • Буряттар
    • Ішкі Моңғолияның (Қытай) қазіргі замандық әдеби тілі
  • Орта моңғолдық кластер — құрамына қарай бір тілдің үстеуі болатын 3 тіл
    • заманауи моңғол тілі
      • халха моңғолдардың (халха) әдеби тілі — Моңғолия
      • шығыс, орталық және оңтүстік диалекттер — Моңғолия мен Қытай
      • ордос диалектісі — орталық және батыс моңғол тілдері арасында — Қытай
    • бурят тілі (бурят-моңғол) — Ресей, Моңғолия және Қытай
    • хамниган тілі
  • Батыс моңғол (ойрат-қалмақ, моңғол-қалмақ) тілі
    • классикалық (әдеби) ойрат тілі
    • қалмақ тілі (моңғол-қалмақ, ойрат-қалмақ)
    • Қытай мен Моңғолияның ойрат диалектілері

Оңтүстік моңғол тобы

  • шира-юғур тілі — солтүстік моңғол тіліне лексикалы жақын.
  • моңғор тілі (ту, широнғол-моңғол). Батыс әдебиетінде екіге бөлінеді хуцзу және минхэ.
  • баоань-дунсян кластері

Моғол тобы

Қидан тобы

Басқа ежелгі тілдер

  • сяньби тілі — сяньби тайпасының тілі, II—IV ғғ. қазіргі Ішкі Моңғолияның аумағында өмір сүрген.
    • табғаш диалектісі

Сыртқы сілтемелер