Мұхаммед Әли мешіті

Мұхаммед Әли мешіті - (араб.: جامع محمد علي‎) Каирдегі үлкен мешіттердің бірі.XIX ғасырдың басында Мұхаммед Әли паша Мысырдағы осман на- менгері болып тағайындалады. Билік еткен 25 жыл ішінде ол көптеген әскери іс-шараларды сәттіорындайды. Осының нәтижесінде Мысырдың шекарасы кеңейеді.

Мұхаммед Әли мешіті

1831 жылдан бастап Мұхаммед Әли Мысырды жалғыз өзі биледі. Өзі билік еткен 25 жыл ішінде Каирде көптеген діни ғимараттар бой көтерді. Мұхаммед Әли мешіті - сондай ғимараттардың бірі. Мешіт ішінде Мұхаммед Әлидің қабірі орналасқан. Мешітті 1830-1848 жылдары Юсуф Бохна есімді сәулетші Мұхаммед Әлидің қолдауымен, билеушінің ұлы Тусун пашаның құрметіне арнап салған.

Мешіт Константинополь мешіттерінің үлгісімең Ыстамбұлдың сәулет өнері мектебінің ықпалымен тұрғызылған. Кейбір жерлері Мысыр ғибадатханаларына да ұқсайды. Мешіт Каир қамалының ең биік жерінде орналасқан. Мұхаммед Әли мешітінің минареттері Каирдің кез келген тұсынан анық көрінеді. Алебастр плиталарымен қапталғандықтан мешіт «алебастрлы мешіт» деп аталып кеткен. Мешіттің ішіндегі мінәжат ету залы өте үлкен, ауқымы 1600 шаршы метрге жетеді. Залдың төбесін диаметрі 21 метр, биіктігі 52 метрге жететін күмбез жапқан. Ішкі ауласы мәрмәрлі бағандардан тұратын галереялармен қоршалған.

Мешіттің қақ ортасында күмбез тәрізді субұрқақ орнатылған. Мешіт ауласында сағаты бар мұнара тұр. Мұхаммед Әли мешіті Мысыр елінің ең көрнекті тарихи ескерткіштерінің біріне жатады.[1]

Дереккөздер

🔥 Top keywords: Мәңгілік бала бейнеАбай ҚұнанбайұлыТабиғи ресурстарды ұтымды пайдалануШоқан Шыңғысұлы УәлихановТәуелсіз Мемлекеттер ДостастығыҚазақстанБауыржан МомышұлыҚазақстан географиясыҒылыми-техникалық революцияСемей полигоныБасты бетҚазақстанның экологиялық проблемаларыҰлы Жібек жолыБактерияларЭкологиялық жүйеҚазақстанның сыртқы саясатыҚазақстандағы туризмБіріккен Ұлттар ҰйымыЖалпы Ұлттық ӨнімШанхай Ынтымақтастық ҰйымыДүниежүзі елдерін даму деңгейі бойынша топтастыруПопуляцияШәкәрім ҚұдайбердіұлыМемлекеттік басқару формасы бойынша елдер тізіміҚожа Ахмет Ясауи кесенесіЖалпы ішкі өнімБесеудің хатыЕкінші дүниежүзілік соғысСырым Датұлы бастаған қазақтардың ұлт-азаттық қозғалысыҚазақстанның географиялық орны мен шекараларыДамушы елдерХалықаралық ұйымдарЫбырай АлтынсаринЭкологиялық проблемаАрнайы:ІздеуБайқоңыр (ғарыш айлағы)Қаныш Имантайұлы СәтбаевВирустарТуризм