Мәйіт

Мәйіт, мүрде - қаза болған адамның денесі.Мәйіттің жуылуынан көмілуіне дейін жасалатын іс-әрекетті - «тәжһиз» (әзірлеу) дейді.Исламда өлген адамның ең қысқа мерзімдежуылып, кебінделіп, жаназа намазы оқылып көмілуі керек. Бұл - мұстахап.

Мәйіттің жуылуы

Мәйітті жоғары бір жергешалқалап жатқызып, әурет жері жабылады. Ер кісіні - ерлер, әйел затын - әйелдер жуады. Мәйітті жуған бір кісіге тағы біркісі су құйып көмектеседі. Мәйіттің басымен денесінің басым көпшілігі бар болсажуылады. Егер де басы болмай тек қанажартысы болса немесе кеудесінің басымкөпшілігі жоқ болса, жуылмайды. Кебінделмейді, намаз да оқылмайды.Мәйітті жуу - оған ғұсыл мен дәрет алдыру. Ғұсыл алуды білетін адам өлікті жуаалады.Жуатын адам қолына бір мата орап,мәйіттің әурет жерін жуып, тазалайды.Осыдан кейін Мәйітке дәрет алдырады. Дәрет алдырған уақытта аузына, мұрнынасу құймайды. Тек қана саусақтарыменмәсіх етіп сүртеді. Бетін және қолдарынжуып, басын мәсіх етеді. Аяқтарын жуады. Осыдан кейін мәйіттің үстіне су құйып,басы мен денесін сабындалған сумен тазалап жуады. Оң мен солына кезек-кезекауыстырып жуады. Әр мүшені жуғанкезде үштен аз жумау - сүннет. Осыданкейін мәйітті отырғандай етіп, өзіне тартып, қарнын басады. Астынан бір нәрсешықса, тек сол жерді ғана жуып тазалайды. Қайта дәрет алдырудың қажеті жоқБәрі біткен кезде мәйітті сүлгімен сүртіп,кебіндейді. Одан кейін басына, жүзіне,сақалына әтір жағалы. Мәйіттің шаш пентырнақтары алынбайды. Мәйітті жабықжерде жуу керек. Әйел ерін жуа алады.Бірақ әйелді жуатын әйел кісі болмайқалған жағдайда ері өлген әйеліне текқана тәйәммүм алдыра алады. Қатты ісіпкетіп жарылғалы тұрған немесе жуылуымүмкін емес мәйіттің үстіне су төгілсе, жеткілікті. Жуатын кезде жууға ниет етіп,«Бисмиллаһ» деп бастайды. Жуған уақытта «ғуфранака на Рахман», «Аллаһымкешір» деген дұғаны қайталап отырады.Егер су табылмаса тәйәммүм жасалады.Бөтен еркектер арасында өлген әйел менбөтен әйелдер арасында өлген еркектерге тәйәммүм жасалады. Пайғамбарымыз(с.а.у.) былай дейді: «Әйел өзінен басқаәйел болмай еркектер арасында өлсе, еркек те өзінен басқа еркек болмай әйелдерарасында өлсе, екеуі де тәйәммүм жасалып көміледі. Екеуінің жағдайы да су табылмаған болып саналады».

Шейіт жайында

Соғыс кезінде кәпірлердің қолынан өлген шейіттер жуылмайды.Тек қана кебіндікке лайық көйлекпенкебінделеді. Олар қандарымен қосакөміледі. Яғни, қандары жуылмайды.Өйткені Пайғамбарымыз (с.а.у.) былайдейді: «Шейіттер жуылмайды. Өйткеніәрбір жарасы мен әрбір қаны қиямет күніайналаға миск секілді жайылады» (Ханбал, Ш, 299). Аллаһ Елшісі (с.а.у.) Ухудшейіттерін қандарымен қоса жерледі.Оларды жумады әрі намаздарын даоқымады. Ханафилар бойынша, жаназа намазы оқылады. Шейіттерге жаназанамазы оқылмауының хикметі - жаназа намазы өлілерге оқылады. Шейіттерболса тірі. Құранда оларға: «Аллаһ жолында өлтірілгендерді (шейіттерді) өлідемеңдер, олар тірі, бірақ сендер сезіпбіле алмайсыңдар» («Бақара», 154-аят),- деп айтылады.

Мәйітті қабірге апару

Мәйіт жуылғаннан кейін кебін суланбауүшін құрғатылады.Мәйітті қабірге дейін апару - сол мұсылманға ең соңғы жасалған қызмет. Сүннетбойынша, өлікті табыттың төрт жағынантөрт адам ұстап апарады. Он адам ұстау -мұстахап. Бейітке барар жолда орынсызсөйлемеуі керек. Дауыстап зікір мен Құран да оқылмайды. Өлім мен ақыреттіойлайды. Мәйітті қабірге қойған кезде жүзінқұбылаға қаратып, оң жағымен жатқызады. Кебіннің бас пен аяқ жағындағытүйіні шешіледі. Мәйіт қабірге қойылып,үсті топырақтан жабылғаннан кейін солжердегі кісілер қабірдің үстінен үш уыстопырақ алып біріншісінде, «сендердіосыдан жараттық», екіншісінде, «сендердіқайтадан топыраққа қайтарамыз», үшіншісінде, «сендерді тағы да қайтадан топырақтан шығарамыз (тірілтеміз)» аяттарын оқып салу - мұстахап.Мәйіт көмілместен бұрын немесе кейін жылауға болады. Бірақ даусын көтеріп, Аллаһқа қарсы келетін жаман сөздер айтпаукерек. Өйткені Аллаһ Елшісі (с.а.у.) ұлыИбраһим үшін жылаған. Себебін сұрағанкезінде ол: «Бұл - Аллаһтың рақымы.Оны құлдарының жүрегіне қойған. Аллаһрақымды құлдарына ғана рақым жасайды»(Бухари, Жанаиз, 44), деген.[1]

Дереккөздер