Найзағай ұрысы

“Найзағай Ұрысы” - грек мифологиясына негізделген американдық фэнтези-оқиға жанрындағы, Рик Риорданмен жазылған Перси Джексон және Олимпшілер сериясының алғашқы романы. 

Найзағай Ұрысы
АвторыРик Риордан
ЖанрыФэнтези, грек мифологиясы
БаспасыMiramax Books
ISBN0-7868-5629-7
СерияПерси Джексон және Олимпшілер
Хронология

Роман қазіргі әлемдегі өзінің қарапайым әйел мен грек құдайы Посейдон баласы екенін жаңа білген он екі жасар Перси Джексонның басынан кештірген оқиғаларын баяндайды. Зевстің ұрланған найзағайларын табу мен үш ағайынды, Зевс, Посейдон және Аид арасында соғысты болдырмау мақсатымен Перси және оның достары Аннабет Чейз бен Гроувер Андервуд іздеуге кетеді. 

Найзағай ұрысы 2005 жылы маусымда жарық көрді. Келесі төрт жыл ішінде кітаптың 1,2 миллион копиясы сатылып, ол New York TImes Сhildren's Best Seller тізіміне еніп, Young Adult Library Association-мен жасөспірімдерге арналған ең жақсы кітап деген марапатқа ие болды. Кітап негізінде 2010 жылы ақпанның 12-ci “Перси Джексон және Олимпшілер: Найзағай Ұрысы” деген фильм шығарылған. Найзағай Ұрысының сиквелі - Құбыжықтар Теңізі. 

Әзірлеу және басып шығару

"Шытырман шайқасы" шығарылу кезіндегі Рик Риордан, автор

Найзағай Ұрысы өз бастауын Рик Риордан дислексия және назар жетіспеушілік синдромы мен гиперактивтілікке (НЖСГ) шалдыққан ұлы Хэйли үшін әңгімелерді ойлап табуынан алған. Екінші сыныпта Хэйли грек мифологиясын өтіп жатқандықтан ұйықтар алдында грек мифтерінде негізделген ертегілерді айтып беруді сұраған. Риордан көптеген жылдар бойы орта мектепте грек мифология мұғалімі болған және бірталай аңыздарды айта білген. Біраз уақыттан кейін айтатын аңыздар таусылғанда Хэйли жаңа грек мифтерін ойлап табуды ұсынды. Рик Перси Джексон деген кейіпкер мен Зевске оның найзағайын жеткізу үшін Америка Құрама Штаттарын шарлауын ойлап тапты. Өзінің шығармасында Риордан НЖСГ-пен дислексияны құдай ұрпақтарының артықшылығы ретінде көрсетті: сәйкесінше өжеттілік пен тез әскери рефлекстер және ағылшынша оқудың орнына ежелгі грек тілінде оқу. Өз әңгімесін ұлына айтып берген соң Хэйли осы әңгімелер негізінде кітап жазуды сұрады. Осылайша Найзағай ұрысы кітабы жазыла бастады. 

Қолжазбаны тексеріске агенті мен редакторына бергенде, Риордан өз кітабын орта мектеп оқушыларына бағалау үшін апарды. Олардың көмегімен кітаптың аты мен Персидің сиқырлы қылышы пайда болды[1]. Риордан “Найзағай Ұрысы” қолжазбасын баспаналарға лақап атпен жіберген, себебі ол бұрынғы жұмыс арқылы танитын баспа өнеркәсібінде ешкімге сенім артқысы келмеді[2]. Көптеген қабылдамаулардан кейін агент қолжазбаны ұнатқандығынан өз қамқорлығына алды. 2004 жылы қолжазба Miramax Books-қа сатылып, алынған ақша Рикке жұмысынан шығып, тек жазушылыққа ғана назар аударуға жеткілікті болды[3].  

Сюжет

“Найзағай Ұрысы” он екі жастағы Перси Джексон атынан (бірінші жақтан) баяндалады. Метрополитен Өнер Мұражайына барғанда мұғалімдердің біреуі, Миссис Доддз, фурияға айналып Персиге шабуыл жасайды. Басқа ұстазы, Мистер Браннер, Персиге күресу үшін сиқырлы қалам-қылыш береді. Мектеп аяқталғаннан кейін анасымен бірге Лонг-Айлендке сапар шегеді. Түн ортасында Персидің досы Гроувер сатир екені және оларға қауіп төніп тұрғаны анықталады. Сол себепті үшеуі жазғы лагерьге беттейді. Бірақ жол бойында Минотавр оларды қуып жетіп, Миссис Джексонды ұстап, оны алтын түсті жарқырауда жойған. Анасы қайтыс болды деп санаған Перси Джексон құбыжықты оның мүйізімен өлтіріп, есінен таныған Гроуверді лагерьге әкеледі. Перси үш күннен кейін оянып, Жартылай қан лагерінде екенін түсінеді. Сонымен қатар өзінің құдай баласы екені белгілі болады. Лагерьде қоныстанып, басқа құдай ұрпақтарымен кездеседі, солардың арасында Люк Кастеллан мен Аннабет Чейз. Туды тартып алу ойыны кезінде тұзақ тазысы шабуыл жасағаннан кейін Персиді әкесі Посейдон, мұхиттар мен жер сілкінісі құдайы, өз ұлы ретінде мойындайды. Лагерьдің басқарушысы Хирон үш ең құдыретті құдай - Аид, Посейдон және Зевс, жетпіс жыл бұрын ешқашан бала тумауға ант бергенін түсіндіреді. Ал Перси - сол ант бузылуының дәлелі. Оған Зевстің жоғалған найзағайын қосса, құдайлар арасында үлкен күмән туады. Персидің тапсырмасы - аталған найзағайды тауып, келе жатқан шайқасты болдырмау. Серіктестері Ретінде Гроувер мен Аннабетті таңдап, үшеуі бірге Аид, ең күдікті тұлға патшалығына барады. Шығарып салу алдында Хирон Персиге сиқырлы қылыш Анаклузмос (“екпінді ағыс”) пен Люктің ұшатын аяқ киімін береді. Кейін олар Лос Анджелеске Аид патшалығының кірісін табу үшін беттейді. Мақсатқа жеткенше дейін Медуза, Еxидна, Фуриялар сияқты құбыжықтар оларға шабуыл жасап үлгерген. Жол бойында Ареске көмектескенде соғыс құдайы оларға қажетті заттарға толы рюкзак пен Невадаға дейін көлік алып береді. Әр кездескен қиындықпен Перси жаңа әлем мен өзінің қабілеттері туралы көбірек біле бастайды. Аид патшалығына жеткенде Гроувер Тартарға құлаудан әрең құтылады. Барлығына кінәлі - оған Перси берген Люктің ұшатын кроссовкалар. Трио Аидті кездестіргенде оның қараңғы дулығасы жоғалғаны белгілі болады. Өлім патшалығының иесі Персиді ұры атап, осы уақыт бойы құдайдың тұтқыны болған Салли Джексонды өлтірумен қорқытады. Перси жоғалған найзағайды Арес берген рюкзактан тапқанда басты кейіпкерлер өзінің алданғанын түсінеді. Қайтадан жерге оралғаннан кейін Перси Аресті жекпе-жекке шақырады. Оны жеңгеннен кейін қараңғы дулығаны фуриялар арқылы иесіне қайтарады. Перси ұры емес екенін түсінген Аид Салли Джексонның жанын босатады. 

Найзағайды Зевске қайтарғаннан кейін, құдай Персиді сыйлық ретінде заңдарға қарамастан тірі қалдырады. Джексон лагерьге батыр атағымен оралып, жаздың соңына дейін демалысымен ләззаттанады. Лагерьдің соңғы күнінде Люкпен кездескенде Люк өзін найзағай мен дулыға ұрысы мойындап, Кроностың тапсырысын орындағанын айтады. Кронос оған қоса билікқұмар Аресті өз пайдасы үшін қолданғанын ашады. Перси Люкқа сене алмай, неліктен ондай әрекетке барғанын сұрағанда, Люк құдайлар жауапсыз көшбасшылар, сол себепті оларды басқалармен алмастыру қажет дейді. Персиді өзінің қатарына шақырып, соңғысы бас тартқанда, Персиді умен өлтіруге тырысады. Бірақ ол аман қалып, жазылғаннан кейін алдында таңдау пайда болады: лагерьде қалу немесе үйіне қайту. Люк пен Кронос қатеріне қарамастан Перси анасымен қалуды таңдайды, себебі Гейбті Медузаның басы арқылы Салли тасқа айналдырған. Гроувер мен Аннабет те үйлеріне қайтуды таңдап, Персимен сөйлесіп тұруға уәде береді[4][5][6].  

Критика

Найзағай ұрысы көбінесе жағымды пікірге ие. Goodreads сайтында кітап 4.23/5 деген баға алды[7]. Сommon Sense Media айтуы бойынша “Найзағай ұрысы кітабында екі түрлі қызық бар. Біреуі басты кейіпкердің әлемді құтқарудағы ерліктері болса, екіншісі - ежелгі мифтерді XXI ғасырға сай келуі үшін автордың түрлендіруін бақылау”[8]. Дегенмен де, кітаптың кейбір бөліктерін сынға салып, “тым тез және қарым-қатынсқа толы” әрі “кейіпкерлер эмоционалды түрде дамымайды” деген. Олардың берген бағасы бестен төрт жұлдыз. Басқалар берген рецензия CSM-ға қарағанда жақсырақ болды. New York Times “Найзағай ұрысын” “мінсіз баяндау мен бір-бірін жүрек соғысы сияқты қуатын оқиғаларға толы” деп сипаттаған[9]. School Library Journal “оқырмандар жас протогонисттің әрбір келесі қадамын үңіліп оқиды” деген баға берд[5]і. Kirkus Reviews “баяндаудың сардоникалық мәнері әлем, отбасы, достық пен сенімді сынға салатын әңгімеге реализмнің жаңа ойларын әкеледі” деген. “Артемис Фаул” (“Artemis Fawl”) атты романының авторы Оуэн Колфер оны “аңыз бен қазіргі әлемнің ғажайып қосылысы” деп атаған. Publishers Weekly де кітапты “жылдам әрі күлкілі” және “көптеген оқырмандарды келесі оқиғаны асығыспен күттіреді” деп мақтаған.

МерзіміНоминация атауыОрын
2005 ж.School Library Journal Ең Жақсы КітапЖеңді
2005 ж.Chicago Public Library Ең Жақсының Жақсысы КітабыЖеңді
2005 ж.The New York Times Атақты Кітап МарапатыЖеңді
2006 ж.Red House Балаларға Арналған Кітаптар МарапатыЖеңді
2006 ж.Askews Torchlight МарапатыЖеңді
2006 ж.American Library Association Атақты Кітап МарапатыЖеңді
2007 ж.The New York Times Best Seller Балаларға Арналған Кітаптар тізімі9
2008 ж.Марк Твен Марапаты[10]Жеңді
2008 ж.Young Reader's Choice МарапатыЖеңді
2009 ж.Rebecca Caudill's Young Reader's Book МарапатыЖеңді

 

Адаптация

Экранизация

2004 жылдың маусымында 20th Century Fox “Найзағай Ұрысының” экранизация құқығына ие болды[11]. 2007 жылдың сәуірінде жобаны іске асыру үшін Крис Колумбус режиссер ретінде шақырылды. Фильм “Перси Джексон және Олимпшілер: Найзағай Ұрысы” деп аталып, АҚШ-та 2010 жылы, 12 ақпанда жарық көрген. Басты рөлдерде: Логан Лерман (Перси Джексон), Александра Даддарио (Аннабет Чейз), Брендон Т. Джексон (Гроувер Андервуд), Джейк Абель (Люк Кастеллан), Пирс Броснан (Хирон). Фильм критиктерден әр түрлі кері байланысқа ие болып, бүкіл әлем бойынша $226 миллион жинады. Сиквелы, “Перси Джексон: Құбыжықтар Теңізі”, 2013 жылы шығарылды.  

Аудиокітап

2005 ж. маусымның 28-де Джесс Бернштейнмен оқылған 10 сағат 25 минуттық аудиокітап нұсқасы Listening Library-мен шығарылған[12]

Сиквелі

"Найзағай ұрысынан" кейін Құбыжықтар теңізі атты кітап шығарылды. Бұл кітапта Гроувер Полифем деген циклоптың тұтқынына айналғандықтан Перси мен Аннабет оны құтқаруды жоспарлай бастайды. Олармен бірге бұл сапарға Персидің өгей ағасы Тайсон мен Кларисса Ла Ру шегеді.

Шет тілдердегі басылым

"Найзағай Ұрысы" қытай, итальян, түрік, чех, фин, француз, неміс, португал, индонезиялық, орыс, испан және дания тілдерінде шығарылған. 

Сілтемелер

🔥 Top keywords: Мәңгілік бала бейнеАбай ҚұнанбайұлыТабиғи ресурстарды ұтымды пайдалануШоқан Шыңғысұлы УәлихановТәуелсіз Мемлекеттер ДостастығыҚазақстанБауыржан МомышұлыҚазақстан географиясыҒылыми-техникалық революцияСемей полигоныБасты бетҚазақстанның экологиялық проблемаларыҰлы Жібек жолыБактерияларЭкологиялық жүйеҚазақстанның сыртқы саясатыҚазақстандағы туризмБіріккен Ұлттар ҰйымыЖалпы Ұлттық ӨнімШанхай Ынтымақтастық ҰйымыДүниежүзі елдерін даму деңгейі бойынша топтастыруПопуляцияШәкәрім ҚұдайбердіұлыМемлекеттік басқару формасы бойынша елдер тізіміҚожа Ахмет Ясауи кесенесіЖалпы ішкі өнімБесеудің хатыЕкінші дүниежүзілік соғысСырым Датұлы бастаған қазақтардың ұлт-азаттық қозғалысыҚазақстанның географиялық орны мен шекараларыДамушы елдерХалықаралық ұйымдарЫбырай АлтынсаринЭкологиялық проблемаАрнайы:ІздеуБайқоңыр (ғарыш айлағы)Қаныш Имантайұлы СәтбаевВирустарТуризм