Намдэмун

Намдэмун (кор. 남대문 Ұлы оңтүстік қақпалары, ресми атауы – Суннемун кор. 숭례문 Көтеріңкі салтанаттар қақпалары) – Сеул қаласының ең ежелгі архитектуралық ескерткіштерінің бірі, ол 1398 жылы тұрғызылған. Осымен қатар аталмыш ескерткіш Корея Республикасының ұлттық дәулеттер тізімінде бірінші нөмірді алуда.

Намдэмун
Хангыль남대문
Ханча南大門

Тарихы

Намдэмун қақпаларының құрыдысы Чосон әулиетінің тұсында 1395 жылы басталып, 1398 жылы аяқталған. Сол уақытта олар Намдэмун атауына ие болды (кор. 남대문 Ұлы оңтүстік қақпалары). Аталмыш қақпалар Сеулдегі ағаштан жасалған ең ежелгі ғимарат болып табылады.

XX ғасырдың басында, кореяның жапон отарлық үкіметі, Сеул қаласының инфрақұрылымың дамыту сылтауымен, қаланың орталығын қоршап бекініс қабырғаларының көпшілігін бұзып, тек Намдэмун және Тондэмун (Шығыс қақпалары) қақпаларын қалдырады.

Корейдегі соғыс уақытында қақпалар зақымданады, осы себептен қақпалардың кең – байтақ қалпына келтіру әрекеттері жүргізіледі. 1962 жылдың 20 желтоқсан күнінде Намдэмун қақпаларына Корея Республикасының ұлттық дәулеті № 1 мәртебесі беріледі.

2005 жылы осы қақпалардың көгал алаңдар төсеуі мен қайта құрылуы басталады. Және де 2006 жылдың 3 наурыз күнінен бастап, келіп қараушылар үшін ашық қол жеткізу іске асырылады.

Қызықты деректер

Намдэмун қақпаларының сыртқы келбеті MMORPG World of Warcraft әлеміндегі Дарнасс қаласының қақпалары үшін үлгі ретінде қарастырылды.

Дереккөздер