Не Эр

Не ЭрҚытай композиторы және ҚХР әнұраны әнінің авторы. 1912 жылы 15 ақпанда Юньнань провинциясының Куньмин деген жерінде дүниеге келген. Музыкаға деген қызығушылығы бала кезінен байқала бастаған. Мектепте оқып жүргенде-ақ ұлттық аспаптарда ойнауды өз бетінше үйрене бастаған. 1928 жылы әскерде борышын өтеп келген соң фортепианода және скрипкада ойнауға бет бұрады. 1931 жылы скрипкашы ретінде Ли Цзиньхуэй труппасына енеді. Екі жылдан соң труппаны тастап, Қытай Коммунистік партиясына мүше болады. Осы кезде кинофильмдердегі музыкалардың композиторы ретінде таныла бастаған. Шанхайдағы дыбыс жазу компаниясымен бірлесіп жұмыс жасап, симфониялық оркестрдің негізін салады. Кейін Қытайдың әнұраны болған Тянь Ханның «Еріктілер Маршы» мәтініне ән жазған. 1935 жылы 23 жасында теңізге шомылып жүргенінде суға батып қайтыс болған. Қытай ұлтшылдарының қолынан қаза тапты деген болжам да жоқ емес. Оның 37 шығармасы сақталған.[1]

Дереккөздер

🔥 Top keywords: Мәңгілік бала бейнеАбай ҚұнанбайұлыТабиғи ресурстарды ұтымды пайдалануШоқан Шыңғысұлы УәлихановТәуелсіз Мемлекеттер ДостастығыҚазақстанБауыржан МомышұлыҚазақстан географиясыҒылыми-техникалық революцияСемей полигоныБасты бетҚазақстанның экологиялық проблемаларыҰлы Жібек жолыБактерияларЭкологиялық жүйеҚазақстанның сыртқы саясатыҚазақстандағы туризмБіріккен Ұлттар ҰйымыЖалпы Ұлттық ӨнімШанхай Ынтымақтастық ҰйымыДүниежүзі елдерін даму деңгейі бойынша топтастыруПопуляцияШәкәрім ҚұдайбердіұлыМемлекеттік басқару формасы бойынша елдер тізіміҚожа Ахмет Ясауи кесенесіЖалпы ішкі өнімБесеудің хатыЕкінші дүниежүзілік соғысСырым Датұлы бастаған қазақтардың ұлт-азаттық қозғалысыҚазақстанның географиялық орны мен шекараларыДамушы елдерХалықаралық ұйымдарЫбырай АлтынсаринЭкологиялық проблемаАрнайы:ІздеуБайқоңыр (ғарыш айлағы)Қаныш Имантайұлы СәтбаевВирустарТуризм