Нұрлан Өтепұлы Балғымбаев

қазақстандық саясаткер, бұрынғы премьер-министр (1997–1999)
(Нұрлан Балғымбаев бетінен бағытталды)

Нұрлан Өтепұлы Балғымбаев (20 қараша 1947 жыл, Атырау - 14 қазан 2015 жыл, Атырау) — мемлекет қайраткері, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі (1997-1999).[1]

Нұрлан Өтепұлы Балғымбаев
Нұрлан Өтепұлы Балғымбаев
Лауазымы
«ҚазМұнайГаз»құрылыс кәсіпорындар дирекциясының басшысы
желтоқсан 2009 жыл
ПрезидентНұрсұлтан Назарбаев
Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі
5 желтоқсан 2007 — қараша 2009
«Қазақойл ұлттық мұнай компаниясы» ЖАҚ Президенті
қазан 1999 — ақпан 2002
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
10 қазан 1997 — 1 қазан 1999
ІзашарыӘкежан Мағжанұлы Қажыгелдин
ІзбасарыҚасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев
Өмірбаяны
Партиясы«Нұр Отан»
БіліміҚазПТИ
ДініИслам
Дүниеге келуі20 қараша 1947 (1947-11-20)
Атырау
Қайтыс болуы14 қазан 2015 (2015-10-14) (67 жас)
Атырау
ЖұбайыБалғымбаева (Жүсіпбекова) Нағима Ибраимбекқызы
Балаларыұлы - Төлеген (1972); қызы - Самал (1977)
Марапаттары
1 дәрежелі Барыс ордені
1 дәрежелі Барыс ордені
Барыс ордені
Барыс ордені

Өмірбаяны

Білімі

1973 жылы Қазақ политехникалық институтының мұнай және газ факультетін тау-кен инженері мамандығы бойынша бітірді.

1992-1993 жылдары Массачусетс университетінің тыңдаушысы болды.

Қызмет жолы

Еңбек жолын Атырау (қазіргі Маңғыстау облысының Құрық кентінде бұрғылаушының көмекшісі (1964) болып бастаған.

19731977 жылдары “Маңғышлақмұнай” бірлестігінде жерасты жөндеу операторы, мұнай шығару жөніндегі оператор, скважиналарды жерасты жөндеу шебері.

19771992 жылдары Атырау облысындағы Аққыстау өндірістік қызмет көрсету базасы бастығының орынбасары, “Ембімұнай”, “Ақтөбемұнай” бірлестіктерінің бас инженері, КСРО Мұнай және газ өнеркәсібі министрігінің Бас басқармаларында бастықтың орынбасары қызметтерін атқарды. Одан кейін АҚШ-тың Массачуссетс университетінде оқып, мұнай өндірісінің әлемдік озық тәжірибелерін іс жүзінде меңгеру үшін “Шеврон” компаниясында жұмыс істеді.

19941997 жылдары ҚР Мұнай және газ өнеркәсібі министрі, “Қазақойл” ұлттық мұнай-газ компаниясының президенті болды.

1997 — 1999 жылдары Қазақстан Республикасы премьер-министрі ретінде қызметін атқарды.

1999 жылдан “Қазақойл” ұлттық мұнай компаниясының президенті, Қазақстан үкіметінің мүшесі.

Балғымбаев — еліміздің мұнай және газ өнеркәсібін заман талабына сай дамытып, қазба байлықтарды тиімділікпен игеріп, халық игілігіне жарату жөніндегі ірі жобаларды жасау ісіне тікелей араласып, ұйытқы болған тұлға. Үкімет басшысы ретінде әлеуметтік саладағы реформаторлығымен, отандық тауар өндірушілерге мүмкіндігінше қолдау көрсету бағытын ұстануымен ерекшеленді. 1-дәрежелі “Барыс” орденімен марапатталған (1999).[2]

2002 жылдан - «Қазақстандық мұнай инвестициялық компаниясы» АҚ президенті.

2007 жылдан - ҚР Президентінің кеңесшісі, Каспий теңізі ресурстарын пайдалану мәселелері жөніндегі Қазақстанның арнайы екілі.

2009 жылдың желтоқсанынан бері - «ҚазМұнайГаз» салынып жатқан кәсіпорындарының әкімшілігі» ЖШС бас директоры.

Марапттары

  • 1999 жылы елбасының жарлығымен ІІ дәрежедегі «Барыс ордені» ;
  • 2003 жылы Қ.Сәтбаев атандығы Қазақ Ұлттық техникалық университетінің құрметті профессоры (құрметті ғылым атағы);
  • 2008 жылы «Астанаға 10 жыл» медалі;
  • 2011 жылы «Қазақстан тәуелсіздігіне 20 жыл» медалі;
  • 2013 жылы ҚР президентінің жарлығымен І дәрежедегі «Барыс ордені» мен марапатталды.


Әскери атағы - запастағы аға лейтенант[3].

Дереккөздер

🔥 Top keywords: Мәңгілік бала бейнеАбай ҚұнанбайұлыТабиғи ресурстарды ұтымды пайдалануШоқан Шыңғысұлы УәлихановТәуелсіз Мемлекеттер ДостастығыҚазақстанБауыржан МомышұлыҚазақстан географиясыҒылыми-техникалық революцияСемей полигоныБасты бетҚазақстанның экологиялық проблемаларыҰлы Жібек жолыБактерияларЭкологиялық жүйеҚазақстанның сыртқы саясатыҚазақстандағы туризмБіріккен Ұлттар ҰйымыЖалпы Ұлттық ӨнімШанхай Ынтымақтастық ҰйымыДүниежүзі елдерін даму деңгейі бойынша топтастыруПопуляцияШәкәрім ҚұдайбердіұлыМемлекеттік басқару формасы бойынша елдер тізіміҚожа Ахмет Ясауи кесенесіЖалпы ішкі өнімБесеудің хатыЕкінші дүниежүзілік соғысСырым Датұлы бастаған қазақтардың ұлт-азаттық қозғалысыҚазақстанның географиялық орны мен шекараларыДамушы елдерХалықаралық ұйымдарЫбырай АлтынсаринЭкологиялық проблемаАрнайы:ІздеуБайқоңыр (ғарыш айлағы)Қаныш Имантайұлы СәтбаевВирустарТуризм