Обелиск

Обелиск (гр. obeliskos - кішкене істік) — ескерткіштер түрі. Қандай да бір тарихи уақиғаларды (Азамат соғысы, Екінші дүниежүзілік соғысы, т.б.), сол окиғаларға қатысқан адамдарды есте сақтау үшін түрғызылған. Қазір аудандағы әр округте Екінші дүниежүзілік соғысы құрбандарына арналған ескерткіш-тақта бар. Ал аудан орталығы — Шәуілдір ауылында Екінші дүниежүзілік соғыс құрбандарына арналған ескерткіш 2004 ж. 8 мамырда қайта қалпына келтіріліп, тұрғызылды. Саяси қуғын-сүргін құрбандарына ескерткіш 1992 ж. орнатылды.[1][2]

Дереккөздер