Объектіге-бағытталған бағдарламалау тілі

Объектіге-бағытталған бағдарламалау тілі (ОБ-тіл) — объектіге бағытталған бағдарламалау принциптеріне негізделген тіл.

Объектіге бағытталған бағдарламалаудың концепциясының негізінде объект түсінігі жатыр. Объект ол өрістер (мәліметтер) мен әдістерді (объект орындайтын қимылдар) біріктіретін субстанция болып табылады.

Мысалға, адам объектісі аты, туған жері өрістерін және жеу, ұйықтау, жүгіру әдістерін иемденеді. Соған сәйкес бағдарламада біз осындай операторларды қолдана аламыз: Адам.Аты:="Ерлан"; және Адам.Жеу(Тамақ);

Ерекшеліктері

Қазіргі замаңғы объектіге бағытталған бағдарламалау тілдерінде мына әдістер болады:

  • Мұрагерлеу. Қосымша элементтерді (әдістерді) қосу арқылы жаңа объектілер классын жасау. Қазіргі таңда ОБ тілдері көптік мұрагерлеуді қолдануға рұқсат береді, яғни бір класста бірнеше класстың мүмкіндіктерін біріктіреді.
  • Инкапсуляция. Бағдарламаның бір бөлігін басқа бөліктерге әсер етпей өзгертуді қамтамасыз ететін реализацияларды құпиялайды. Ол өз кезегінде бағдарламаның модификациясын және қолдауын әжептәуір жеңілдетеді.
  • Полиморфизм. Полиформизм кезінде әкелік класстың кейбір бөліктері (әдістері) белгілі бір балалық класстың спецификалық әрекетін орындайтын жаңа әдіспен ауыстырылады. Бұл жағдайда кластың интерфейсі өзгеріссіз қалады, бірақ бір атаулы әдістердің орындалуы мен параметрлері өзгешеленеді. Полиформизммен соңғы қосылулар тығыз байланыста болады.
  • Типизация. Компиляция кезінде көптеген қателерді жоюға мүмкіндік береді. Операциялар белгілі бір типтегі объектілермен ғана орындалады.

Бағдарламалау тілдерінің тізімі

Объектіге бағытталған бағдарламалау тілдерінің толық емес тізімі:

  • Object Pascal
  • VB.NET
  • Visual DataFlex
  • Perl
  • PowerBuilder
  • Python
  • Scala
  • ActionScript (3.0)

Ортақ мақсатты бұл бағдарламалау тілдерінен басқа, специализациясы төмен тілдер де бар.

Әдебиеттер тізімі

Объектіге бағытталған әдістер.Принципі мен практикасы. Авторы - Иан Грэхем, 3-ші басылым, ISBN = 0-201-61913-X

Сілтемелер

Коротко об истории объектно-ориентированного программированияҮлгі:Compu-lang-stub

*

🔥 Top keywords: Мәңгілік бала бейнеАбай ҚұнанбайұлыТабиғи ресурстарды ұтымды пайдалануШоқан Шыңғысұлы УәлихановТәуелсіз Мемлекеттер ДостастығыҚазақстанБауыржан МомышұлыҚазақстан географиясыҒылыми-техникалық революцияСемей полигоныБасты бетҚазақстанның экологиялық проблемаларыҰлы Жібек жолыБактерияларЭкологиялық жүйеҚазақстанның сыртқы саясатыҚазақстандағы туризмБіріккен Ұлттар ҰйымыЖалпы Ұлттық ӨнімШанхай Ынтымақтастық ҰйымыДүниежүзі елдерін даму деңгейі бойынша топтастыруПопуляцияШәкәрім ҚұдайбердіұлыМемлекеттік басқару формасы бойынша елдер тізіміҚожа Ахмет Ясауи кесенесіЖалпы ішкі өнімБесеудің хатыЕкінші дүниежүзілік соғысСырым Датұлы бастаған қазақтардың ұлт-азаттық қозғалысыҚазақстанның географиялық орны мен шекараларыДамушы елдерХалықаралық ұйымдарЫбырай АлтынсаринЭкологиялық проблемаАрнайы:ІздеуБайқоңыр (ғарыш айлағы)Қаныш Имантайұлы СәтбаевВирустарТуризм