Один

Один, немесе Вотан (ежелгі неміс тілінде *Wōđanaz немесе *Wōđinaz; ежелгі скандинав тілінде Óðinn) — неміс-скандинав мифологиясындағы жоғарғы құдай, барлық құдайлардың басшысы, Бёр мен Бестланың ұлы, Буридың немересі. Дана және бақсы, жазбалар мен ертегілердің нағыз шебері, патша-абыз, және сол уақытта соғыс пен жеңіс құдайы, Вальхалла қожасы және валькириялар әміршісі. Әйелі – Фригг.

Один-Вотан(жиһангер)

Викингтердің эсхатологиялық мифтері бойынша, рагнарёк болатын күні Одинді алып қасқыр Фенрир өлтіреді.

Один ұрпақтары

  • Одиннің жер Йордтан (Фьергюн) ұлы: Тор
  • Одиннің Фриггтен ұлдары: Бальдр, Хед, Хермод
  • Одиннің Риндтен ұлы: Вали
  • Одиннің Гридтен ұлы: Видар
  • Одиннің «Тоғыз анадан» ұлы: Хеймдаль
  • Одиннің Гунхольдтан ұлы: Браги
  • Одиннің алыптан ұлы: Тюр

Одиннің басқа да ұлдары Ингви – Инглинг әулеті мен Швеция корольдерінің ру басшысы; Сиги – Вельсунгтер мен ғұн хандарының ру басшысы; Сэминг – Сэмингтер мен Норвегия корольдерінің ру басшысы; Гаути – готтар корольдерінің ру басшысы; Сирглами – Гардарики корольдерінің ру басшысы; Векта – Веттиндер мен Саксония, Кента, Берниция корольдерінің ру басшысы; Белдег – Вестфалия, Дейры және Уэссекс корольдерінің ру басшысы; Витлег – Мерсия корольдерінің ру басшысы; КасереШығыс Англия, Линдисфарн және Винт корольдерінің ру басшысы.

Атрибуттары

Один серіктер – Хугин мен Мунин қарғалары («ойлаушы» және «есте сақтаушы»), Гери және Фреки («қызғаншақ» және «ашқарақ») қасқырлары, оның мінгесіп жүретін жануары – сегіз аяқты жылқы Слейпнир («сырғанаушы»). Вальхаллада  құрамына эйнхерияның үздік батырлары кіретін жасағына, соғыс алаңындағы батырлардың тағдырын шешетін, Вальхаллаға батырплар таңдайтын, валькириялар – бикештер кіреді. Одиннің қаруы, ешқашан асып не жетпей қалмайтын және әрқашанда жауын өлтіре қадайтын Гунгнир найзасы болып табылады. Одиннің кемесі, әлемдегі ең жылдам, ішіне кез-келген батыр санын сиғыза ала тұрып, керек кезде бүктеп қалтаға салып қоюға болатын Скидбладнир кемесі болып табылады.[1][2]

Дереккөздер

Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Category:Odin