Олинго

Олинго (лат. Bassaricyon) – жанаттар тұқымдасына жататын жыртқыш сүтқоректі. Орталық Американың ылғалды Тропикалық және Субтропикалық ормандарында мекен етеді.

Олинго
Габби олингосы
Габби олингосы
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі:Жануарлар
Жамағаты:Хордалылар
Табы:Сүтқоректілер
Ықшам табы:Ұрықжолдастылар
Сабы:Жыртқыштар
Тұқымдасы:Procyonidae
Тегі:Bassaricyon
Allen, 1876
Species
  • Bassaricyon alleni
  • Bassaricyon gabbii
  • Bassaricyon medius
  • Bassaricyon neblina

Оның денесінің ұзындығы – 35-47 см, салмағы – 0,7-2 кг. Бұл түрді алғаш 2006 жылы Кристофер Хелджен енгізген. Олингоны 2013 жылдың тамызында ресми түрде жариялады. Ол барлығымен қоректенеді (жәндіктер, өсімдіктер, ет және т.б). Олинго түнде өте белсенді. Олар жалғыз өмір сүреді. Кейде топтармен қосылады. Жылына бір рет қана төлдейді. Олардың балалары жабық көзбен дүниеге келеді.

Табиғатта 5 түрі кездеседі:

  1. Аллен олингосы
  2. Габби олингосы
  3. Хелджен олингосы және т.б

Олардың басты жаулары – жыртқыш жануарлар. Шамамен 10-15 жыл өмір сүреді. Биологиясы мен экологиясы толық зерттелмеген. Қызыл кітапқа жойылу қаупі жоғары және ареалы шектеулі жануарлар тобына енгізілді. '

Себептері:

  1. Олардың мекен ету ортасының (ағаштарды кесу, ормандарды жою) адам кесірінен жойылуы.
  2. Аңшылардың жаппай оларды қыруы.


Дереккөздер

http://zooclub.ru/wild/hish/36.shtml
🔥 Top keywords: Мәңгілік бала бейнеАбай ҚұнанбайұлыТабиғи ресурстарды ұтымды пайдалануШоқан Шыңғысұлы УәлихановТәуелсіз Мемлекеттер ДостастығыҚазақстанБауыржан МомышұлыҚазақстан географиясыҒылыми-техникалық революцияСемей полигоныБасты бетҚазақстанның экологиялық проблемаларыҰлы Жібек жолыБактерияларЭкологиялық жүйеҚазақстанның сыртқы саясатыҚазақстандағы туризмБіріккен Ұлттар ҰйымыЖалпы Ұлттық ӨнімШанхай Ынтымақтастық ҰйымыДүниежүзі елдерін даму деңгейі бойынша топтастыруПопуляцияШәкәрім ҚұдайбердіұлыМемлекеттік басқару формасы бойынша елдер тізіміҚожа Ахмет Ясауи кесенесіЖалпы ішкі өнімБесеудің хатыЕкінші дүниежүзілік соғысСырым Датұлы бастаған қазақтардың ұлт-азаттық қозғалысыҚазақстанның географиялық орны мен шекараларыДамушы елдерХалықаралық ұйымдарЫбырай АлтынсаринЭкологиялық проблемаАрнайы:ІздеуБайқоңыр (ғарыш айлағы)Қаныш Имантайұлы СәтбаевВирустарТуризм