Оралбай Әбдікәрімов

Оралбай Әбдікәрімов (18 желтоқсан 1944 жыл, Нұра ауданы, Қарағанды облысы[4]) — Қазақстанның мемлекеттік, саяси және қоғам қайраткері, Қазақстан президентінің кеңесшісі (2007), елдің мемлекеттік хатшысы (2004–2007), Сенат төрағасы (1999–2004), Президент Әкімшілігінің басшысы (1996–1997) және 1999–2004, 2007–2013 жылдары Сенатор.

Оралбай Әбдікәрімов
Лауазымы
Ту
Ту
Қазақстан Сенаты 2-, 4- және 5-шақырылымдарының депутаты
Ту
Ту
28 тамыз 2007 — тамыз 2013
ТөрағасыҚасым-Жомарт Тоқаев
Қайрат Мәми
30 қараша 1999 — 10 наурыз 2004
Төрағасыөзі[lower-alpha 1]
Ту
Ту
Қазақстан президентінің кеңесшісі
Ту
Ту
15 мамыр — 28 тамыз 2007
ПрезидентНұрсұлтан Назарбаев
Ту
Ту
Қазақстанның 5-Мемлекеттік хатшысы
Ту
Ту
9 наурыз 2004 — 15 мамыр 2007
ІзашарыИманғали Тасмағамбетов
ІзбасарыҚанат Саудабаев
Ту
Ту
Қазақстан Парламенті Сенатының 2-төрағасы
Ту
Ту
1 желтоқсан 1999 — 10 қаңтар 2004
ПрезидентНұрсұлтан Назарбаев
ІзашарыӨмірбек Бәйгелді
ІзбасарыНұртай Әбіқаев
Ту
Ту
Қазақстан Президенті Әкімшілігінің 2-басшысы
Ту
Ту
қазан 1996 — қазан 1997
ПрезидентНұрсұлтан Назарбаев
ІзашарыСағынбек Тұрсынов
ІзбасарыСарыбай Қалмырзаев
Ту
Ту
Қазақстан Жоғарғы Кеңесі XXII-шақырылымдарының депутаты
Ту
Ту
1990 — 1992
Өмірбаяны
ПартиясыКОКП
Нұр Отан[дереккөзі?]
Білімі1) Қарағанды мемлекеттік университеті (1974)
2) Алматы жоғарғы партия мектебі (1987, сырттай оқыды)[1]
Мамандығықұрылысшы-техник, тарих және қоғамтану мұғалімі[1] және саясаттанушы[2]
Дүниеге келуі18 желтоқсан 1944 (1944-12-18) (79 жас)
Киевка, Нұра ауданы (Қарағанды облысы), Қарағанды облысы, Қазақ КСР, КСРО
ЖұбайыЖамал Ахметқызы Әбдікәрімова[1][3]
Балаларыүш ұлы және бір қызы[1]
СайтыЖАҢАРУ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысының сайты
Әскери қызметі
Әскер түріКСРО Әскери теңіз флоты[4]
Атағыотставкадағы полковник[4]
Марапаттары
Барыс ордені
Барыс ордені
Барыс ордені
Барыс ордені
Үлгі:Өзбекстан Республикасының құрмет грамотасыДостастық ордені

Жастық шағы және білімі

Арғын тайпасы Қуандық руының Тоқа бөлімінен шыққан.[5] Ұлты — қазақ.[2]

1969 жылы Қарағанды ​​индустриалды педагогикалық тезникумын, 1974 жылы Қарағанды мемлекеттік университетін және 1987 жылы Алматы жоғарғы партия мектебін бітіріп, білім алған.[6]

Мансабын 1963 жылы совхоз шопаны, тәрбиеші, кәсіптік-техникалық училищенің бригадирі болып бастады. КСРО Әскери теңіз флотында қызмет еткен.[1] Әскери атағы — отставкадағы полковник.[4]

Саяси мансабы

Кеңестік Қазақстандағы мансабы (1969–1991)

1969–1975 жылдар аралығында «Шахтинскжилстрой» тресі комсомол комитетінің хатшысы, нұсқаушы және Қазақстан Лениндік Коммунистік Жастар Одағы Қарағанды ​​облыстық комитетінің бөлім меңгерушісі мамандықтарында болды.[1]

1980 жылы Қарағанды ​​қалалық партия комитеті төрағасының орынбасары, келесі жылдан 1985 жылға дейін Қарағанды ​​облыстық партия комитетінде нұсқаушы, сектор меңгерушісі, бөлім меңгерушісінің орынбасары қызметтерін атқарған.

1985–1989 жылдары аралығында Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің ұйымдастыру-партиялық және кадр жұмысы бөлімінің сектор меңгерушісі, инспекторы, меңгерушісінің орынбасары лауазымдарының иегері болған.

1989 жылдың желтоқсанынан 1991 жылдың қыркүйегіне дейін Әбдікәрімов Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің ұйымдастыру-партиялық және кадр жұмысы бөлімінің меңгерушісі еді. Сонымен қатар сол жылдары ол ҚазКСР халық депутаттарын сайлау және кері шақырып алу жөніндегі Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары болған. 1990 жылы Қазақстан Коммунистік партиясы атынан Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланды, депутаттығы 1992 жылға дейін жалғасты.

Тәуелсіз Қазақстандағы мансабы (1991 бері)

Қазақстанның тәуелсіздік алғанына дейін, 1991 жылдың қыркүйегінен бері және 1994 жылдың маусымына дейін Оралбай Әбдікәрімов Қазақстан президентi Аппаратының және Министрлер Кабинетiнiң Ұйымдастыру инспекциясы және аумақтық даму бөлiмiнiң ұйымдастыру жұмыстары және жергiлiктi әкiмшiлiктер бөлiмiнiң меңгерушiсi қызметін атқарған.[1]

1994 жылдың маусымынан желтоқсанына дейін, жарты жыл бойы, Әбдікәрімов Президенттің өңірлердегі өкілдері тобы жетекшісінің орынбасары болды. Бұл жұмысының тоқтатылған салысымен ол Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы Басшысының орынбасары — Президенттің өңірлердегі өкілдері тобының жетекшісі болып тағайындалды. Ол бұл қызметін 1995 жылдың наурызына дейін жалғастырған.

1995 жылдың наурызынан 1996 жылдың қаңтарына дейін Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары – Ұйымдастыру-бақылау бөлімінің меңгерушісі қызметінде болды. Бұл қызметті аяқтағанына бір ай болғанда Қазақстан Парламентінің төменгі палатасы, Мәжіліс Аппаратының төрағасы болып тағайындалды. Бұл қызметін ол 1996 жылдың қазанына дейін жалғастырды.[1]

1996 жылдың қазанынан келесі жылдың қазанына дейін, бір жыл бойы Президент Әкімшілігінің басшысы болып жұмыс істеген.

Қазақстан Жоғарғы Кеңесі XXII-шақырылымының депутаты болған.[4][7]

1999 жылдың қарашасында Президент жарлығымен 2-сайланым сенаторы болып тағайындалды. Сенаторлығына екі ғана күн болғанда, сол жылдың 1 желтоқсан күні Әбдікәрімов Сенат төрағасы болып сайланды.[4] Сол жылы Қазақстан Қауіпсіздік кеңесінің мүшесі болды, ол өзінің мүшелігін 2006 жылға дейін жалғастырды.[1]

2002 және 2004 жылдар аралығында ЕЭҚ Парламентаралық Ассамблеясының төрағасы болды. 2004 жылдың наурызында Президентпен Мемлекеттік хатшы қызметіне тағайындалған. Бұл қызметін ол 2007 жылдың 15 мамырына дейін жалғастырды. Мемлекеттік хатшы қызметі тоқтатылған салысымен Оралбай Әбдікәрімов Қазақстан президенті, Нұрсұлтан Назарбаевтың кеңесшісі қызметіне тағайындалды.[1]

2007 жылдың 28 тамызында "Нұр Отан" партиясынан[6] Сенатор болып сайланды, депутаттығы 2013 жылдың тамызында аяқталды.

Әбдікәрімов 2019 жылы Сенат жанындағы Сенаторлар Кеңесінің мүшесі болып тағайындалып, қайта саясатпен айналысуын бастады.

Белгісіз жылдары "Жаңару" Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс" РҚБ төрағасы болған.[8]

Марапаттары және атақтары

Отбасы

Жұбайы — Жамал Ахметқызы Әбдікәрімова, көз дәрігері. 3 ұлы, 1 қызы және немерелері бар.[1][3] Балалары: Әлім (1971 туған), Қайрат (1972 туған), Сержан (1976) және Айжан (1976 туған).[1]

Ұлы Сержан Оралбайұлы Әбдікәрімов (1976 жылы туған) да саясаткер, Қазақстанның Әзірбайжандағы бұрынғы елшісі (2019–2023).[10]

Қосымша ақпарат

Дереккөздер