Палыгорскит

ПАЛЫГОРСКИТ, тау терісі, аттапульгит – силикаттар класының минералы. Химикалық формуласы: Mg2Al2[Sі8O20](OH)28H2O. Түсі сұр, қоңыр реңді ақ; қаттылығы 2 – 2,5, тығыздығы 2,0 – 2,3 г/см3, жеке кесектері оңай майысады, суды өзіне көп сіңіреді, балқытқанда сүт тәрізді көбікті шыныға айналады. Моноклиндік немесе ромбылық сингонияда кристалданып, жеке кристалдары нәзік талшық типтес кристалл түзеді. Палыгорскит магнийге бай тау жыныстарының үгілу аймағында жаралып, шөгінді тау жыныстарда қабатталып жиылады. Жылу және дыбыс өткізбейтін материал жасауда, улағыш химикаттар мен тыңайтқыш өндірісінде қоспа ретінде қолданылады.[1]

Пайдаланылған әдебиет


🔥 Top keywords: Мәңгілік бала бейнеАбай ҚұнанбайұлыТабиғи ресурстарды ұтымды пайдалануШоқан Шыңғысұлы УәлихановТәуелсіз Мемлекеттер ДостастығыҚазақстанБауыржан МомышұлыҚазақстан географиясыҒылыми-техникалық революцияСемей полигоныБасты бетҚазақстанның экологиялық проблемаларыҰлы Жібек жолыБактерияларЭкологиялық жүйеҚазақстанның сыртқы саясатыҚазақстандағы туризмБіріккен Ұлттар ҰйымыЖалпы Ұлттық ӨнімШанхай Ынтымақтастық ҰйымыДүниежүзі елдерін даму деңгейі бойынша топтастыруПопуляцияШәкәрім ҚұдайбердіұлыМемлекеттік басқару формасы бойынша елдер тізіміҚожа Ахмет Ясауи кесенесіЖалпы ішкі өнімБесеудің хатыЕкінші дүниежүзілік соғысСырым Датұлы бастаған қазақтардың ұлт-азаттық қозғалысыҚазақстанның географиялық орны мен шекараларыДамушы елдерХалықаралық ұйымдарЫбырай АлтынсаринЭкологиялық проблемаАрнайы:ІздеуБайқоңыр (ғарыш айлағы)Қаныш Имантайұлы СәтбаевВирустарТуризм