Патернализм

Патернализм (лат. paternus – әкелі, отандық) – фирма деңгейіндегі әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу нысаны[1]; кәсіпкерлердің өз жұмыскерлеріне көрсететін қамқорлығы мен қайырымдылығында байқалатын еңбек қатынасы аумағындағы идеология және әлеуметтік тәжірибе.[2][3]

Ол жұмыс берушілердің білікті кадрларды тарту және орнықтыру, өнімділікті арттыру, моральдық-психологиялық ахуалды жақсарту мақсатымен қызметкерлерге еңбек заңнамасында және ұжымдық шартта көзделген игіліктерден тыс қосымша игіліктер (жеңілдіктер, төлемақылар, еңбек, демалыс жағдайын жақсарту, т.с.с.) берудегі бастамасын көрсетеді. Бұл қызметкерлер тарапынан фирмаға деген адалдықты, ортақ мүдделер үшін ынтымақтаса білуді және тілектестікті дамытады.[4][5]

Дереккөздер