Патша кеңалқым жылан

Патша кеңалқым жылан (лат. Ophiophagus hannah) - аспид тұқымдасы. Әлемдегі ең ірі улы жылан, ұзындығы 5,5 м.

Патша кеңалқым жылан

Амандық күйі

Vulnerable (IUCN)
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі:Жануарлар
Жамағаты:Хордалылар
Табы:Бауырымен жорғалаушылар
Сабы:Қабыршақтылар
Кіші сабы:Жыландар
Тұқымдасы:Аспидтер
Тегі:Ophiophagus
Түрі:O. hannah
Екі-есімді атауы
Ophiophagus hannah
Cantor, 1836
     Ареал
     Ареал
Синонимдері
  • Hamadryas Cantor, 1838

Түсі бірыңғай сарғыштан сарғыш-жасылға дейін өзгереді. Денесінде қисық қара жолақтары бар. Бұл жылан Оңтүстік, Шығыс Азияның тропикалық ормандарында таралған. Жылан тіршілік белсенділігі күндіз байқалады. Ағаштарда жақсы өрмелейді, суда жүзеді. Қорегі, қосмекенділер, бауырмен жорғалаушылар, жыландар, олардың арасында крайт және кеңалқым сияқты улы жыландарменде. Ұрғашы жылан үйіп, жапырақтармен жауып 40 жұмыртқа салады да, оны әрдайым күзетеді. Жыланның уы өте күшті жүйке, салдандыру әсері бар, барлық жануарларға қауіпті.[1]

Дереккөздер

Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Category:Ophiophagus hannah