Педру Алвариш Кабрал
Педру Алвариш Кабрал (порт. Pedro Álvares Cabral 1467 немесе 1468 — 1520 ж. ш. ө.) — португал теңіз саяхатшысы. 1500 жылы Үндiстанда Васко да Гама маршруты бойынша сапар шегетiн үлкен флотилияның командирі болып тағайындалды. 1500 жылы 9 наурызда Кабрал Тежудың сағасынан шықты. Жасыл Мүйiс аралдарынан оңтүстікке қарай бағыт ұстаған Кабрал батысқа қарай ойысып кетті де, 22 сәуірде оңтүстiк ендiктiң 17°-да жаңа жерге тап болды. Оған Вера-Круш Жерi деген ат қойды (бiрнеше жылдан кейiн ресми түрде Бразилия — Brasil деп аталды). Содан соң Кабрал Қайырлы үміт мүйiсiне қарай бет алып, Үндiстанға дейiн жеттi. 1501 жылы қаңтарда Үндiстаннан шығып, шілде айында Португалияға оралды. Бұдан соң теңiз экспедициясына қатыспады. [1]
Педру Алвариш Кабрал | |
порт. Pedro Álvares Cabral | |
Туған күні | Lua error Module:Wikidata ішіндегі 39 жолында: attempt to concatenate field '?' (a nil value). |
---|---|
Қайтыс болған күні | |
Қайтыс болған жері | Сантарен, Португалия |
Азаматтығы | |
Қызметі | Теңіз саяхатшысы |
Әкесі | Фернан Кабрал |
Анасы | Изабел Говея |
Балалары | порт. Fernão Álvares Cabral |