Пиперидин

Пиперидин, гексагидропиридин, пентаметиленимин, C5H11N — гетероциклді қосылыстар. Ұнамсыз иісті, түссіз сұйықтық; балқу t — 10,5oC, қайнау t — 106,4oС, тығызд. 0,8606 г/см3 (20oС-та). Су және органикалық еріткіштердің көпшілігімен оңай араласады. Пиперидин — күшті негіз, оңай тұз түзіп, аминдерге тән қасиеттер көрсетеді. Перидинге сутекпен әсер еткенде Пиперидин түзіледі: C5H5N+3H2=C5H11N. Қазақстанда медицинада, жергілікті анестезия ісінде қолданылып жүрген Пиперидин қатарындағы препараттар рихлокаин (ҚазҰУ-де) және просидол (Химия ғылымдары институтында) синтезделіп алынып, өндіріске енгізілді. Пиперидин дәрілік препараттар, еріткіштер алуда және жағармай құраушылары ретінде қолданылады.

A.

Дереккөздер

«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VII том


🔥 Top keywords: Мәңгілік бала бейнеАбай ҚұнанбайұлыТабиғи ресурстарды ұтымды пайдалануШоқан Шыңғысұлы УәлихановТәуелсіз Мемлекеттер ДостастығыҚазақстанБауыржан МомышұлыҚазақстан географиясыҒылыми-техникалық революцияСемей полигоныБасты бетҚазақстанның экологиялық проблемаларыҰлы Жібек жолыБактерияларЭкологиялық жүйеҚазақстанның сыртқы саясатыҚазақстандағы туризмБіріккен Ұлттар ҰйымыЖалпы Ұлттық ӨнімШанхай Ынтымақтастық ҰйымыДүниежүзі елдерін даму деңгейі бойынша топтастыруПопуляцияШәкәрім ҚұдайбердіұлыМемлекеттік басқару формасы бойынша елдер тізіміҚожа Ахмет Ясауи кесенесіЖалпы ішкі өнімБесеудің хатыЕкінші дүниежүзілік соғысСырым Датұлы бастаған қазақтардың ұлт-азаттық қозғалысыҚазақстанның географиялық орны мен шекараларыДамушы елдерХалықаралық ұйымдарЫбырай АлтынсаринЭкологиялық проблемаАрнайы:ІздеуБайқоңыр (ғарыш айлағы)Қаныш Имантайұлы СәтбаевВирустарТуризм