Понтий таулары

Понтий таулары[1] (грек тілінде Pontos — Қара теңіз) — Қара теңіздің оңтүстік жағалауындағы Түркия жеріндегі тау жүйесі. Ұзындығы 1000 км, ені 130 км-ге жуық, орташа биіктігі 2500 м. Ең биік жері — Качкар тауы (3937 м). Понтий таулары Батыс Понтий, Шығыс Понтий тауларына және Жанық жотасына бөлінеді. Батысы негізінен құмтас пен әктастан, шығысы гранит, гнейс, кристалды тақтатастардан, жанартаулық жыныстардан тұрады. Понтий тауларының параллель орналасқан тау жоталарын аңғарлар, қазаншұңқырлар және Қызыл Ирмак, Жасыл Ирмак, т.б. өзендердің терең шатқалдары бөліп жатады. Понтий таулары сейсмикалық аудандар құрамына кіреді. Тас көмір кен орындары бар. Солтүстік беткейінде жалпақ және қылқан жапырақты орман, оңтүстік беткейінде таулық-далалық және шөлейт өсімдіктері, бұталар өседі. Понтий тауларында Едыгеллер, Согуксу ұлттық саябақтары орналасқан.

Понтий таулары
Понтий тауларына көрініс

Дереккөздер

  • Қазақ энциклопедиясы


🔥 Top keywords: Мәңгілік бала бейнеАбай ҚұнанбайұлыТабиғи ресурстарды ұтымды пайдалануШоқан Шыңғысұлы УәлихановТәуелсіз Мемлекеттер ДостастығыҚазақстанБауыржан МомышұлыҚазақстан географиясыҒылыми-техникалық революцияСемей полигоныБасты бетҚазақстанның экологиялық проблемаларыҰлы Жібек жолыБактерияларЭкологиялық жүйеҚазақстанның сыртқы саясатыҚазақстандағы туризмБіріккен Ұлттар ҰйымыЖалпы Ұлттық ӨнімШанхай Ынтымақтастық ҰйымыДүниежүзі елдерін даму деңгейі бойынша топтастыруПопуляцияШәкәрім ҚұдайбердіұлыМемлекеттік басқару формасы бойынша елдер тізіміҚожа Ахмет Ясауи кесенесіЖалпы ішкі өнімБесеудің хатыЕкінші дүниежүзілік соғысСырым Датұлы бастаған қазақтардың ұлт-азаттық қозғалысыҚазақстанның географиялық орны мен шекараларыДамушы елдерХалықаралық ұйымдарЫбырай АлтынсаринЭкологиялық проблемаАрнайы:ІздеуБайқоңыр (ғарыш айлағы)Қаныш Имантайұлы СәтбаевВирустарТуризм