Портал:Өнер

ӨНЕР ПОРТАЛЫ

Өнер — көркем образдар жүйесі арқылы адамның дүниетанымын, ішкі сезімін, жан дүниесіндегі құбылыстарды бейнелейтін қоғамдық сана мен адам танымының формасы. Өнер өмірде болған оқиғаларды қаз-қалпында алмай, өзгертіп, түрлендіріп, көркем образдарды типтендіру арқылы сомдайтын эстетикалық құбылыс. Оны қоғамдық сананың өзге формаларынан даралайтын белгісі де адамның шындыққа деген эстетикалық қатынасы болып табылады. Өнердің мақсаты – дүниені, адам өмірін, қоршаған ортаны көркемдік-эстетикалық тұрғыдан игеру. Көркем шығарманың бел ортасында нақты бір тарихи жағдайда алынған жеке адам тағдыры, адамдардың қоғамдық қатынастары мен қызметтері тұрады. Олар суреткер қиялы арқылы өңделіп, көркем образдар түрінде беріледі.

Таңдаулы мақала


Түркістандық топтамаОрта Азияға барғандағы әсерлерінен пайда болған Василий Васильевич Верещагиннің суреттер топтамасы.

1867 жылы Түркістан генерал-губернаторы К. П. Кауфман суретшіні өз қарамағына прапорщик шенінде қызмет етуге шақырды. Тамыз айында олар Ташкентке аттанды, кейін Самарқанда қала қорғанысына қатысты, мұнда Верещагин жарақат алып, ерлігі үшін 4-ші деңгейлі Әулие Георг орденімен марапатталды. 1868 жылдың соңында ол Петерборға қайтады. Келесі жылы ол тағы Орта Азияға сапар шегеді.

1871 жылы Верещагин Мюнхенге көшеді. Екі жылдың ішінде ол осы топтама бойынша жұмысын аяқтайды. «Түркістандық топтамаға» 13 сурет, 81 этюд және 133 эскиз кірді.

Білгенге маржан


Өнер түрлері

Кескіндеме — бейнелеу өнерінің бір саласы, белгілі бір заттың бетіне бояу салу арқылы пайда болатын көркем шығармалар.

Медиафайлдар

Мүсіндеме қатты не иілгіш заттардан жасалады, негізінен адамды немесе жануарды бейнелейді.

Медиафайлдар

Архитектура, сәулет өнері — құрылысты жобалау, салу, оған көркемдік бейне беру өнері.

Медиафайлдар

Әдебиет — сөз өнері, әлеуметтік мәні бар шығармалар жиынтығы.

Медиафайлдар

Кинематограф грек тілінен алынған сөз тіркесі: kinematoc – қозғалыс, grapho - бейнелеу, жазу, тұтас алғанда «қозғалысты бейнелеу» деген мағынаны береді.

Медиафайлдар

Театр — сахналық өнердің өмір көріністерін драмалық әрекет арқылы көрермендердің көз алдында актерлер күшімен бейнелейтін бір түрі.

Медиафайлдар

Музыка — белгілі биіктіктегі дыбыстардан тұратын, адамға сазды әуенімен әсер ететін, дыбыстық көркем бейнеге негізделген өнер түрі.

Медиафайлдар

Би — музыкалық ырғаққа сай дене қимылымен көрсетілетін өнер.

Медиафайлдар

Зергерлік өнер — тамырын тереңнен алатын дәстүрлі мәдениеттің көрікті және көрнекті саласы.

Медиафайлдар
Мақала жазуға көмек

Санаттар

Уикиүлгілер






Қызыл сілтемелер

  • Мәтінде кездесетін қызыл сілтемелерді толтырып, мақалалар санын көбейтіңіз:
    • Өскен өркен
    • Қарақат Башанова
    • Қыз Ақжелең (Дәулеткерей)
    • Ламбада
    • Отелло
    • Лир патша
    • Алдар көсе (фильм)
    • Густав Климт
    • Shape of My Heart (Backstreet Boys)
    • Shape of My Heart (Sting)
    • Shape of You
    • Ocean eyes
    • Жақсылықпен аяқталғанның бәрі жақсы
    • Екі қала туралы хикая
    • Қосбасар

Пайдалы сайттар

Туыстас порталдар