Профилактика

Профилактика-денсаулықты сақтауға және нығайтуға бағытталған және салауатты өмір салтын қалыптастыруды, аурулардың пайда болуының және (немесе) таралуының алдын алуды, оларды ерте анықтауды, олардың пайда болу және даму себептері мен жағдайларын анықтауды, сондай-ақ адамның денсаулығына, оның тіршілік ету ортасының факторларына зиянды әсерді жоюға бағытталған іс-шаралар кешені.

Профилактика деңгейлері біріншілік, екіншілік және үшіншілік профилактика немесе оңалтуды қарастырады.

Біріншілік профилактика, патогендерді жою арқылы немесе ағзаның ауруларға төзімділігін арттыру арқылы аурудың пайда болуын болдырмауға бағытталған әдістерді қамтиды. Мысал ретінде иммундау, дұрыс тамақтану, физикалық белсенділік және темекі шегуден бас тарту жатады.

Екіншілік профилактика, бар ауруды оның белгілері пайда болғанға дейін анықтауға және жоюға бағытталған әдістерді қамтиды. Мысалы, артериялық гипертензияны емдеу (көптеген жүрек-қан тамырлары ауруларының қауіп факторы), қатерлі ісікке скринингтік тексеру.

Үшіншілік профилактика, ауру, мүгедектік белгілерінің теріс әсерін азайтуға бағытталған оңалту және емдеу сияқты әдістерді қамтиды. Мысал аурудың таралуын немесе дамуын тоқтататын хирургиялық процедуралар болуы мүмкін.

Дереккөздер


🔥 Top keywords: Мәңгілік бала бейнеАбай ҚұнанбайұлыТабиғи ресурстарды ұтымды пайдалануШоқан Шыңғысұлы УәлихановТәуелсіз Мемлекеттер ДостастығыҚазақстанБауыржан МомышұлыҚазақстан географиясыҒылыми-техникалық революцияСемей полигоныБасты бетҚазақстанның экологиялық проблемаларыҰлы Жібек жолыБактерияларЭкологиялық жүйеҚазақстанның сыртқы саясатыҚазақстандағы туризмБіріккен Ұлттар ҰйымыЖалпы Ұлттық ӨнімШанхай Ынтымақтастық ҰйымыДүниежүзі елдерін даму деңгейі бойынша топтастыруПопуляцияШәкәрім ҚұдайбердіұлыМемлекеттік басқару формасы бойынша елдер тізіміҚожа Ахмет Ясауи кесенесіЖалпы ішкі өнімБесеудің хатыЕкінші дүниежүзілік соғысСырым Датұлы бастаған қазақтардың ұлт-азаттық қозғалысыҚазақстанның географиялық орны мен шекараларыДамушы елдерХалықаралық ұйымдарЫбырай АлтынсаринЭкологиялық проблемаАрнайы:ІздеуБайқоңыр (ғарыш айлағы)Қаныш Имантайұлы СәтбаевВирустарТуризм