Рафаэль Варан

Рафаэль Варан (фр. Raphaël Varane; 25 сәуір, 1993 жыл[1], Лилль, Франция) — франциялық футболшы, «Манчестер Юнайтед» клубы мен Франция Ұлттық футбол құрамасының қорғаушысы. Орталық қорғаушының позициясында өнер көрсетеді. 2018 жылғы әлем чемпионы.

Рафаэль Варан Футбол
Жалпы мағлұмат
Туған күні

25 сәуір 1993 (1993-04-25) (31 жас)

Азаматтығы

Франция Франция

Бойы

1,91 м

Салмағы

81 кг

Позиция

орталық қорғаушы

Клуб жайлы ақпарат
Клуб

Испания Реал Мадрид

Номері

5

Жастар клубы
2000—2002Франция Хеллемьес
2002—2010Франция Ланс
Клуб карьерасы[* 1]
2010—2011Франция Ланс23 (2)
2011—2021Испания Реал Мадрид236 (8)
2021—Англия Манчестер Юнайтед65 (2)
Ұлттық құрамы[* 2]
2010Франция Франция-182 (1)
2012Франция Франция-201 (0)
2011—2012Франция Франция-2115 (3)
2013—2023 Франция93 (5)
Марапаттары мен медальдары
Әлем чемпионаты
Алтын2018

Карьерасы

Клубтық

"Ланс" клубының түлегі. 2010/11 жылғы маусымда Франция чемпионатында 23 рет алаңға шықты.

2011 жылы жазда "Реал Мадрид" клубына ауысты, трансфері 10 млн долларды құрады. Келісім шарт мерзімі 6 жылға бір-ақ созылды. Маусым соңында Испания кубогын иеленді. 2011/12 жылғы маусымда Испания чемпионы атанды.

2011-21 жылдары испандық клуб сапында 236 кездесуде алаңға шықты. Төрт рет Чемпиондар лигасын ұтып алды.

2021 жылы 27 шілдеде "Манчестер Юнайтедке" ауысқаны жайлы ақпараттар тарады[2]. Англиялық клуб 34 млн. фунтқа сатып алды.

Халықаралық

Францияның бірнеше жастағы құрамаларында ойнаған. 2013 жылы 22 наурызда Грузияға қарсы ӘЧ-2014 іріктеуінде ұлттық құрама сапында тұңғыш рет алаңға шықты.

2014 жылғы әлем чемпионатына қатысып, төрт кездесуде алаңға шықты. 2016 жылғы Еуропа чемпионатына жарақатының кесірінен бара алмады[3]. 2018 жылғы әлем чемпионатында жеті кездесудің бәрінде алаңға шығып, әлем чемпионы атанды. Ширек финалда Уругвай қақпасына бір гол соқты.

Жетістіктері

Командалық

Реал Мадрид

  • Испания чемпионы (3): 2011/12, 2016/17, 2019/20
  • Испания кубогы: 2013/14
  • Испания суперкубогы (3): 2012, 2017, 2019/20
  • Чемпиондар лигасы (4): 2013/14, 2015/16, 2016/17, 2017/18
  • УЕФА Суперкубогы (3): 2014, 2016, 2017
  • Клубтар әлем чемпионаты (4): 2014, 2016, 2017, 2018

Франция

  • Әлем чемпионы: 2018

Жеке

  • Әлем чемпионатының символикалық құрамы: 2018

Дереккөздер

Сілтемелер