Рубен Кастро

Рубен Кастро (исп. Rubén Castro; 27 маусым 1981 жыл, Лас-Пальмас-де-Гран-Канария) — Испания елінің футболшысы, «Бетис» клубының шабуылшысы. Бала кезінен өзінің туған Лас-Пальмас қаласында бастап футболмен шұғылданып, жергілікті және аймақтық футболдан жарыстарға қатысып жүрген. 2004 жылы Рубен Кастроны Депортиво Ла-Корунья клубына шақырды.

Рубен Кастро

Клубтардағы мансабы

Оның мансабы Лас-Пальмас клубында басталды. 2001/2002 жылы өткен маусымда Рубен Кастро Ла Лигадағы өзінің бірінші голын Лас-Пальмас клубында ойнап Реал Мадрид клубына 64 минутта қақты. 2003/2004 жылдары Рубен Кастро өз командасының құрамында ойнап, 22 гол қағып, екінші дивизионның ең үздік бомбардиры болып аталды. 2004 жылы Рубен Кастро «Депортиво Ла-Корунья» клубына ауысты. Бірақ бірден Альбасете клубына жалға берілді. Альбасетеде ол 22 матч ойнап, 3 гол қақты. 2007 жылы Рубен Химнастикте 20 матч ойнады. Рубен едәуір жақсы бастады. Оның клубы шығып кетуіне қарамастан Рубен Кастро бірінші 3 матчында 2 гол соқты. 2008/2009 жылғы маусымда ол Уэске жалға берілді. Уэскте Рубен Кастро 41 матч ойнап, қақпаға 14 рет гол тықты. 2009/2010 жылдардағы маусымда Рубен Кастро Райо Вальеканода 42 матч ойнап, 14 гол тықты.

Реал Бетистегі мансабы

2010 жылдың тамызында Рубенді «Реал Бетиске» сатып жіберді. 2010/2011 жылдардағы маусымда Рубен Кастро, Хорхе Молина және Ашиль Эмана бірге 50 гол соқты. Сол себепті «Бетис» қайтадан Ла Лигаға қайтып келді.

Дереккөздер

[1][2]

🔥 Top keywords: Мәңгілік бала бейнеАбай ҚұнанбайұлыТабиғи ресурстарды ұтымды пайдалануШоқан Шыңғысұлы УәлихановТәуелсіз Мемлекеттер ДостастығыҚазақстанБауыржан МомышұлыҚазақстан географиясыҒылыми-техникалық революцияСемей полигоныБасты бетҚазақстанның экологиялық проблемаларыҰлы Жібек жолыБактерияларЭкологиялық жүйеҚазақстанның сыртқы саясатыҚазақстандағы туризмБіріккен Ұлттар ҰйымыЖалпы Ұлттық ӨнімШанхай Ынтымақтастық ҰйымыДүниежүзі елдерін даму деңгейі бойынша топтастыруПопуляцияШәкәрім ҚұдайбердіұлыМемлекеттік басқару формасы бойынша елдер тізіміҚожа Ахмет Ясауи кесенесіЖалпы ішкі өнімБесеудің хатыЕкінші дүниежүзілік соғысСырым Датұлы бастаған қазақтардың ұлт-азаттық қозғалысыҚазақстанның географиялық орны мен шекараларыДамушы елдерХалықаралық ұйымдарЫбырай АлтынсаринЭкологиялық проблемаАрнайы:ІздеуБайқоңыр (ғарыш айлағы)Қаныш Имантайұлы СәтбаевВирустарТуризм