Самуил Моисеевич Цвиллинг

Цвиллинг Самуил Моисеевич (1891-3.4.1918, Орынбор губерниясы)- Орынборда Совет өкіметін орнатуға белсене қатысушы. 1916 жылдан Компартия мүшесі.Рев. жұмысы үшін 1905 жылы Томскіде ұсталып, 5 жылға сотталды. Томск түрмесінде отырған кезде В.В. Куйбышевтің ықпалымен кейбір әсерлік, меньшевиктік ауытқулардан ажырап, нағыз лепиндік күрес жолына түсті. Түрмеден босанған соң Оңтүстік Оралда партиялық тапсырмалар орындады. 1907 жылы РСДЖП Омбы комитетінің мүшесі. Советтердің Бүкіл росс. 2-съезінде В.И.Ленин қол қойған мандатпен Совет үкіметінің Орынбор өлкесіндегі комиссары болып тағайындалды. 1918 жылы Орынбордағы тұңғыш соғыс ревкомының председателі. 1918 жылы 14 қарашадан 15 қарашаға дейін қараған түні атаман Дутов Орынборда бүлік шығарып, оны түрмеге жапқызды. Большевиктер түрмеден босатқан соң, ол Дутов басқарған контррев. бүлікке қарсы күресті ұйымдастырушылардың бірі болды. Ол Торғай облысы Советінің съезіне қатысып (1918), облыста Совет өкіметін нығайтуға белсене араласты. Ол дутовшылармен болған ұрыста қаза тапты.

Самуи́л Моисе́евич Цви́ллинг
Туған күні

13 қаңтар 1891 (1891-01-13)

Туған жері

Тобольск

Қайтыс болған күні

2 сәуір 1918 (1918-04-02) (27 жас)

Қайтыс болған жері

Орынбор губерниясы

Дереккөздер

Қазақ энциклопедиясы 12 том

🔥 Top keywords: Мәңгілік бала бейнеАбай ҚұнанбайұлыТабиғи ресурстарды ұтымды пайдалануШоқан Шыңғысұлы УәлихановТәуелсіз Мемлекеттер ДостастығыҚазақстанБауыржан МомышұлыҚазақстан географиясыҒылыми-техникалық революцияСемей полигоныБасты бетҚазақстанның экологиялық проблемаларыҰлы Жібек жолыБактерияларЭкологиялық жүйеҚазақстанның сыртқы саясатыҚазақстандағы туризмБіріккен Ұлттар ҰйымыЖалпы Ұлттық ӨнімШанхай Ынтымақтастық ҰйымыДүниежүзі елдерін даму деңгейі бойынша топтастыруПопуляцияШәкәрім ҚұдайбердіұлыМемлекеттік басқару формасы бойынша елдер тізіміҚожа Ахмет Ясауи кесенесіЖалпы ішкі өнімБесеудің хатыЕкінші дүниежүзілік соғысСырым Датұлы бастаған қазақтардың ұлт-азаттық қозғалысыҚазақстанның географиялық орны мен шекараларыДамушы елдерХалықаралық ұйымдарЫбырай АлтынсаринЭкологиялық проблемаАрнайы:ІздеуБайқоңыр (ғарыш айлағы)Қаныш Имантайұлы СәтбаевВирустарТуризм