Сарқырама

Сарқырама – судың өзен арнасын көлденең кесіп өтетін тік жартасты кертпештен құлап, тік ағуы. Тым қатты және борпылдақ жыныс қабаттары кезектесе қалыптасқан өңірлермен өтетін өзендер бойында пайда болады. Жиегі үнемі шайылу салдарынан Сарқырама өзен ағысын бойлай жоғары шегіне береді. Су бірнеше кертпештен каскад құрып құлауы мүмкін. Дүние жүзіндегі ірі Сарқырама: Оңтүстік Америкадағы Анхель (биікт. 1054 м), Африкадағы Тугела (биікт. 933 м) және Виктория (биікт. 120 м). Қазақстанда Алтай, Іле Алатауы, Жетісу Алатауы тауларының өзендерінде кездеседі.[1]Су бірнеше кертпештен қатарынан сарқырама легін құрай (каскад) құлауы мүмкін.

Парана өзеніндегі Игуасу сарқырамалары (Аргентина/Бразилия)

Дүние жүзіндегі аса ірі сарқырамалар

БиіктігіАтыМемлекетӨзен
979 мАнхельВенесуэлаЧурун
948 мТугелаОАРТугела
914 мТри сестрыПеру
900 мОлоупенаАҚШ
895,4 мУмбиллаПеру
860 мВиннуфоссенНорвегияВинну
850 мБалайфоссенНорвегияБалай
840 мПуукаокуАҚШ
840 мДжеймс БрюсКанада
836 мБраунЖаңа Зеландия
820 мСтрупенфоссенНорвегияСтрупен
818 мУтигардНорвегияУтигардсельва
792 мВайхилауАҚШВайхилау стрим
788 мКолониал КрикАҚШКолониал Крик
774 мМонгеНорвегияМонгельбек

Ресей сарқырамалары

БиіктігіАтыАймақӨзен
482 мТальниковый сарқырымаплато Путорана
~600 мЗейгаланОрталық Кавказ
328 мКинзелюкскийСаянКинзелюк
~250 мЧараорШығыс КавказЧараор
~200 мГрандиозныйСаянВодопадный
~200 мФиштБатыс КавказПшеха
~160 мУчарАлтайЧульча
~150 мКиштинскаяСаяныҮлкен Кишта
141 мИлья МуромецКурилы, Итуруп
103 мАшильтинскийШығыс КавказАшильтинка

Галерея

Дереккөздер