Светлана Қабыкенқызы Жақыпова

Светлана Қабыкенқызы Жақыпова (16 қаңтар 1968 жыл, Қарағанды) — қазақстандық саясаткер, 2023 жылғы 2 қыркүйектен бері Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі.

Светлана Қабыкенқызы Жақыпова
Светлана Қабыкенқызы Жақыпова
Лауазымы
Ту
Ту
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі
Ту
Ту
2 қыркүйек 2023 бастап
ПрезидентҚасым-Жомарт Тоқаев
Премьер-МинистрӘлихан Смайылов
Олжас Бектенов
ІзашарыТамара Дүйсенова
Өмірбаяны
ПартиясыАуыл
БіліміЦелиноград мемлекеттік педагогикалық институты (1991)
Алматы экономика және статистика академиясы (2006)
Дүниеге келуі16 қаңтар 1968 (1968-01-16) (56 жас)
Қарағанды, Қазақ КСР, КСРО
Марапаттары

Білімі

1991 жылы Целиноград Мемлекеттік педагогикалық институтын, 2006 жылы Алматы Экономика және статистика академиясын аяқтаған.

Еңбек жолы

1984 – 1986 жылдары Қарой бастауыш мектебінде ұзартылған күн тобының тәрбиешісі, бастауыш сыныптардың мұғалімі болып жұмыс істеді.

1991 – 1995 жылдары - № 16 орта мектебінде, № 36 бастауыш орта мектебінде математика пәнінің мұғалімі болды.

1997 – 1998 жылдары «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық» РМКҚ Ақмола қалалық бөлімшесі операциялық есеп жүргізу бөлімінің аға маманы, бас маманы болды.

1998 – 2001 жылдары «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық» РМКҚ Ақмола (Астана) қалалық филиалының экономикалық талдау бөлімінің бас маманы, бастығы, филиал директорының орынбасары болды.

2001 – 2008 жылдары «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық» РМКҚ Ақмола облыстық филиалының директоры болды.

2008 – 2011 жылдары Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік сақтандыру департаменті директорының міндетін атқарушы, директоры болды.

2011 – 2013 жылдары – «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Жобалау офисі бағдарламалар басшысы болып қызмет атқарды.

2013 жылғы 19 тамыздан бастап 2014 жылғы тамызға дейін - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі.

2014 жылғы тамыздан бастап - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі болып тағайындалды.

2017-2019 жылдары Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі.[1]

2023 жылғы 12 маусымнан бастап Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Халықтың әлеуметтік жағынан осал санаттарының құқықтары жөніндегі уәкіл.

2023 жылғы 2 қыркүйекте Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалды.

2024 жылғы 6 ақпанда Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып қайта тағайындалды.

Марапаты

Дереккөздер

🔥 Top keywords: Мәңгілік бала бейнеАбай ҚұнанбайұлыТабиғи ресурстарды ұтымды пайдалануШоқан Шыңғысұлы УәлихановТәуелсіз Мемлекеттер ДостастығыҚазақстанБауыржан МомышұлыҚазақстан географиясыҒылыми-техникалық революцияСемей полигоныБасты бетҚазақстанның экологиялық проблемаларыҰлы Жібек жолыБактерияларЭкологиялық жүйеҚазақстанның сыртқы саясатыҚазақстандағы туризмБіріккен Ұлттар ҰйымыЖалпы Ұлттық ӨнімШанхай Ынтымақтастық ҰйымыДүниежүзі елдерін даму деңгейі бойынша топтастыруПопуляцияШәкәрім ҚұдайбердіұлыМемлекеттік басқару формасы бойынша елдер тізіміҚожа Ахмет Ясауи кесенесіЖалпы ішкі өнімБесеудің хатыЕкінші дүниежүзілік соғысСырым Датұлы бастаған қазақтардың ұлт-азаттық қозғалысыҚазақстанның географиялық орны мен шекараларыДамушы елдерХалықаралық ұйымдарЫбырай АлтынсаринЭкологиялық проблемаАрнайы:ІздеуБайқоңыр (ғарыш айлағы)Қаныш Имантайұлы СәтбаевВирустарТуризм