Стандарттау

Стандарттау, үлгіқалыптау (ағылш. standardization) — есептеуіш техниканың аппараттық және программалық құралдарын ерекшелігі бойынша өндіру мен пайдалану тұрғысында қабылданған келісім; стандарттарды, нормалар мен ережелерді және т.б. тағайындау және қолдану; қазіргі уақытта қолданылатын немесе потенциалды мақсаттарға байланысты жаппай және дүркін-дүркін қолдануға арналған ережелерді іске асыру арқылы белгілі бір салада тәртіпке салудың оптималды дәрежесіне жету үшін бағытталған іс-әрекет.[1]

Стандарттау жөніндегі халықаралық ұйым

Стандарттау жөніндегі халықаралық ұйым (Международная организация по стандартизации; Inter-national Standards Organization (ISO) — телекоммуникация бойынша стандарт жасаумен айналысатын ұйым.[2] Жасаған стандарттарының ішіндегі ең белгілісі — жабық жүйелер әрекеттесуінің жеті деңгейлі эталондық моделі (OSI Referense Model).[3][4]

Дереккөздер