Сібір құртқашашы

Сібір құртқашашы (лат. Iris sibirica) – құртқашаштар тұқымдасына жататын Шығыс және Орталық Еуропада, Сібірде (Солтүстік Азия) өсетін көпжылдық өсімдік.

Сібір құртқашашы

Ғылыми топтастыруы
Дүниесі:Өсімдіктер
Бөлімі:Гүлді өсімдіктер
Табы:Дара жарнақтылар
Сабы:Asparagales
Тұқымдасы:Iridaceae
Кіші тұқымдасы:Iridoideae
Тайпасы:Irideae
Тегі:Iris
Кіші тегі:Limniris
Топтамасы:Iris series Sibiricae
Түрі:I. sibirica
Екі-есімді атауы
Iris sibirica
L.

Таралуы

Шығыс және Орталық Еуропада, Сібірде (Солтүстік Азия) өседі. Қазақстанда кездесетін 19 түрі бар. Олар Республиканың тек солтүстігінде, орманды, далалы аймақтарда кездеседі.

Биологиялық сипаттамасы

Бұл шөптесін көпжылдық өсімдік - тамыры бұтақталған түбін тығыздап алып қайың жанында , түбінде, орманның ашық жерлерінде , ылғалды шалғындарда өседі. Жапырағы жіңішке (1 см-дің айналасында) , таспа тәрізді , тегіс, желпуіш тәрізді шоқтана жиналған. Сабағы тік, биік (100 см-ге жетеді) , жапырақтары дара , гүл саны 2-3, диаметрі 5-7 см-ге жетеді. Түстері жиі өзгереді - қою сия түстен , көкшіл , көгілдір , бозғылт, кейде таза ақ түсті. Қысқа түтіктегі гүл серігі алты бөліктен тұрады , төмен өскен және екі шеңберге орналасқан. Сыртқы жапырақшалар ішкілеріне қарағанда ашыңқы керіліп, иіліп тұрады, ал ішкілері тігінен жоғарыға бағытталған. Осы тұқымдасқа жататын барлық түрлер сияқты аталық мұнда үшеу. Жоғарыдан қарағанда олар байқалмайды .

Сібір құртқашашы әдетте маусымда гүлдейді , жемісі тамыз айында жетіледі. Көбею жолдары - тұқым арқылы және вегетативті түрде .

Пайдалануы

Өсімдіктің барлық бөлігі халықтық медицинада - бас , тіс , асқазан ауруларына , Сібір жарасын емдеуге қолданылады. XYI ғасырдың аяғында мәдени түрде өсіруге тәжірибе жасалған , бұл түр үздік декоротивті өсімдік ретінде танымал . Оның суыққа төзімділігі мен жылдам көбейетіндігін гүл өсірушілер мен сұрыптаушылар жоғары бағылауда.

Дереккөздер:

  • Қазақстанның өсімдіктері кітабы , Атамұра 2011ж.

Сыртқы сілтемелер

🔥 Top keywords: Мәңгілік бала бейнеАбай ҚұнанбайұлыТабиғи ресурстарды ұтымды пайдалануШоқан Шыңғысұлы УәлихановТәуелсіз Мемлекеттер ДостастығыҚазақстанБауыржан МомышұлыҚазақстан географиясыҒылыми-техникалық революцияСемей полигоныБасты бетҚазақстанның экологиялық проблемаларыҰлы Жібек жолыБактерияларЭкологиялық жүйеҚазақстанның сыртқы саясатыҚазақстандағы туризмБіріккен Ұлттар ҰйымыЖалпы Ұлттық ӨнімШанхай Ынтымақтастық ҰйымыДүниежүзі елдерін даму деңгейі бойынша топтастыруПопуляцияШәкәрім ҚұдайбердіұлыМемлекеттік басқару формасы бойынша елдер тізіміҚожа Ахмет Ясауи кесенесіЖалпы ішкі өнімБесеудің хатыЕкінші дүниежүзілік соғысСырым Датұлы бастаған қазақтардың ұлт-азаттық қозғалысыҚазақстанның географиялық орны мен шекараларыДамушы елдерХалықаралық ұйымдарЫбырай АлтынсаринЭкологиялық проблемаАрнайы:ІздеуБайқоңыр (ғарыш айлағы)Қаныш Имантайұлы СәтбаевВирустарТуризм