Сұқсыртәріздестер отряды

СұҚСЫРТӘРІЗДЕСТЕР отряды (Podicipedidaeformes) - тек қана суда өмір сүретін құстардың аз санды отряды.

Сұқсыртәріздестер отряды
Қазбалық ауқымы: Олигоцен-Holocene, 25–0 Ma
Black-necked grebe (Podiceps nigricollis nigricollis), in non-breeding plumage
Black-necked grebe (Podiceps nigricollis nigricollis), in non-breeding plumage
Ғылыми топтастыруы
Genera
  • Aechmophorus
  • Podiceps
  • Podilymbus
  • Poliocephalus
  • Rollandia
  • Tachybaptus


Отряд бір тұқымдасқа біріккен 20-ға тарта түрі бар 4 туысты қамтиды. Қазақстанда бір туысқа жататын 5 түрі бар. Олардың дене мөлшері 120 грамнан (кішкене сұқсыр) 1,5 килоға дейін (үлкен сұқсыр) өзгереді. Сұқсырлардың денесі жайпуат, созылыңқы келеді, жоны - қошқыл, бауыры — ақ, мойны - ұзын, жіңішке тұмсықты, басы кішкене. Аяғындағы саусақтарының әрқайсысы жүзгіш қалақшамен жеке-жеке көмкерілген, тұтас жарғағы болмайды. Бауырындағы тығыз жабын қауырсындар «құс мамығы» деп аталады. Од XIX ғасырдың ортасында әйелдердің жасануына кең пайдаланылды. Арктика және Антарктидадан басқа бүкіл дүниежүзілік жерлердің барлығында өмір сүреді. Қазақстанда тоқтау суды суқоймасы бар кез келген жерлерден кездеседі. Ұясы көбінесе суда қалқып жүреді, ұядағы ақшыл жұмыртқалардың реңі уақыты жеткенде ұяны жасырын бүркемелеген затияның түсіне еніп боялады. Сұқсырлар сан алуан су жәндіктерімен - бунақденелілер, шаянтәріздестер, ұлулар, балықтармен, оқта-текте балдырлармен қоректенеді. Жақсы жүзіп, жақсы сүңгиді. Ала жолақты балапандары денесін сәл кептіре салысымен суға ұмтылады. Жылыстау кезінде жер-жердегі жазықтық суқоймалардан кездесуі мүмкін.[1]

Дереккөздер

🔥 Top keywords: Мәңгілік бала бейнеАбай ҚұнанбайұлыТабиғи ресурстарды ұтымды пайдалануШоқан Шыңғысұлы УәлихановТәуелсіз Мемлекеттер ДостастығыҚазақстанБауыржан МомышұлыҚазақстан географиясыҒылыми-техникалық революцияСемей полигоныБасты бетҚазақстанның экологиялық проблемаларыҰлы Жібек жолыБактерияларЭкологиялық жүйеҚазақстанның сыртқы саясатыҚазақстандағы туризмБіріккен Ұлттар ҰйымыЖалпы Ұлттық ӨнімШанхай Ынтымақтастық ҰйымыДүниежүзі елдерін даму деңгейі бойынша топтастыруПопуляцияШәкәрім ҚұдайбердіұлыМемлекеттік басқару формасы бойынша елдер тізіміҚожа Ахмет Ясауи кесенесіЖалпы ішкі өнімБесеудің хатыЕкінші дүниежүзілік соғысСырым Датұлы бастаған қазақтардың ұлт-азаттық қозғалысыҚазақстанның географиялық орны мен шекараларыДамушы елдерХалықаралық ұйымдарЫбырай АлтынсаринЭкологиялық проблемаАрнайы:ІздеуБайқоңыр (ғарыш айлағы)Қаныш Имантайұлы СәтбаевВирустарТуризм