Сәбила Сапарқызы Мұстафина

Сәбила Сапарқызы Мұстафина 1960 жылы 9 қарашада Ақмола облысының Ерейментау қаласында туған. Қазақ. Целиноград ауылшаруашылық институтының экономика факультетін (1982) ауылшаруашылық өндірісін ұйымдастырушы экономист мамандығы бойынша; БЛКЖО ОК Жоғары комсомол мектебін (Мәскеу қаласы, 1989) саясаттанушы мамандығы бойынша бітірген. Қазақ, орыс және ағылшын (сөздікпен) тілдерін біледі. 1982 жылдан - Целиноград қаласы ет-сүйек ұнын өндіруші зауыттың аға экономисі. 1983 жылдың шілдесінен - Целиноград ауылшаруашылық институтының комсомол комитеті хатшысының орынбасары. 1983 жылдың қыркүйегінен - Целиноград ауылшаруашылық институты комсомол комитетінің хатшысы. 1985 жылдан - Қазақстан ЛКЖО Совет аудандық комитетінің бірінші хатшысы (Целиноград қаласы). 1988 жылдан - Қазақстан ЛКЖО Целиноград обкомының екінші хатшысы. 1991 жылдың сәуірінен - Қазақстан ЛКЖО ОК хатшысы. 1991 жылдың қазанынан- Қазақстан Жастар одағы ОК хатшысы (Алматы қаласы). 1996 жылдың қаңтарынан - Алматы қаласы «Айсер» ЖШС бас директорының орынбасары. 1996 жылдың маусымынан - Республикалық бюджеттің орындалуын бақылау бойынша есептік комитеттің хатшылығы департаменті бөлімінің бастығы. 1999 жылдың ақпанынан - Қазақстан Республикасы министрі хатшылығының меңгерушісі. 1999 жылдың маусымынан - Қазақстан Республикасы министрі - Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Отбасы және әйелдер істері жөніндегі ұлттық комиссия төрағасы хатшылығының меңгерушісі. 2002 жылдың қазанынан - Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Отбасы және әйелдер істері жөніндегі ұлттық комиссия төрағасы хатшылығының мең- герушісі. 2002 жылдың желтоқсанынан - Қазақстан Республикасы Премьер- министрі хатшылығының меңгерушісі. 2003 жылдан - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Кеңсесінде мемлекеттік инспектор. 2004 жылдың сәуірінен - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысы хатшылығының бас инспекторы. 2004 жылдың қарашасынан - Астана қаласы әкімінің орынбасары. 2006 жылдан - Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі әлеуметтік-саяси бөлімі секторының меңгерушісі, 2008 жылдың наурызы- нан - ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі. 2008 жылдың сәуірінен бері - Астана қаласы «Сарыарқа» ауданының әкімі. «Қазақстанның тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001), «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005) медальдарымен марапатталған. Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - Н.Ә. Назарбаев, И. Тасмағамбетов. Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Менің Отаным - Қазақстан - экономикасы дамыған мемлекетке айналады». Сүйіп оқитын әдебиеті - С.Б. Капутикян, әртүрлі шығар- малар. Хоббиі - кітап оқу, саяхаттау, билярд. қызы - Динара, мемлекеттік қызметкер. Ұлы - Арыстанбек, оқушы. Немересі - Томирис.[1]

Дереккөздер


🔥 Top keywords: Мәңгілік бала бейнеАбай ҚұнанбайұлыТабиғи ресурстарды ұтымды пайдалануШоқан Шыңғысұлы УәлихановТәуелсіз Мемлекеттер ДостастығыҚазақстанБауыржан МомышұлыҚазақстан географиясыҒылыми-техникалық революцияСемей полигоныБасты бетҚазақстанның экологиялық проблемаларыҰлы Жібек жолыБактерияларЭкологиялық жүйеҚазақстанның сыртқы саясатыҚазақстандағы туризмБіріккен Ұлттар ҰйымыЖалпы Ұлттық ӨнімШанхай Ынтымақтастық ҰйымыДүниежүзі елдерін даму деңгейі бойынша топтастыруПопуляцияШәкәрім ҚұдайбердіұлыМемлекеттік басқару формасы бойынша елдер тізіміҚожа Ахмет Ясауи кесенесіЖалпы ішкі өнімБесеудің хатыЕкінші дүниежүзілік соғысСырым Датұлы бастаған қазақтардың ұлт-азаттық қозғалысыҚазақстанның географиялық орны мен шекараларыДамушы елдерХалықаралық ұйымдарЫбырай АлтынсаринЭкологиялық проблемаАрнайы:ІздеуБайқоңыр (ғарыш айлағы)Қаныш Имантайұлы СәтбаевВирустарТуризм