Тамара Өкіметқызы Қосыбаева

Тамара Өкіметқызы Қосыбаева — кеңестік және қазақстандық кино, театр және дубляж актрисасы. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі (1998).

Тамара Өкіметқызы Қосыбаева
Туған күні

15 наурыз 1928 (1928-03-15)

Туған жері

Ақсу, Павлодар облысы, Қазақ КСР, КСРО

Қайтыс болған күні

15 тамыз 2022 (2022-08-15) (94 жас)

Азаматтығы

 КСРО
 Қазақстан

Қызметі

актриса

Белсенді жылдары

1948—1986

Театр

Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік балалар мен жасөспірімдер театры (1948—1986)

Марапаттары

Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі (1998)

Өмірбаяны

Енбек жолдары мен рөлдері

1948-1960 жылдары Қазақ Балалар мен жастар театрының, 1960-1986 жылдары Қарағанды облыстық драма театрының актрисасы. Осы театрлар сахнасында Буратино (А.Н. Толстойдың "Алтын кілтінде"), Аягөз (Қ.Сатыбалдиннің "Аягөз-аруында"), Зәуре (Д.А. Фурмановтың "Бүліншілігінде"), Күлпаш (Ш.Құсайыновтың "Біздің Ғаниында"), Әлия Молдағұлова (Ш.Байжановтың осы аттас пьесасында), Айсұлу (Қ.Шаңғытбаев пен Қ.Байсейітовтің "Беу, қыздар-айында"), Айбала (С.Сейфуллиннің "Қызыл сұңқарларында"), Шеше (Б.Брехттің "Әйдік апай және оның балаларында"), т.б. спектакльдерде ойнаған. Қосыбаева, сондай-ақ, киноактриса ретінде де танымал. Ол 30-дан астам фильмдерге түскен. Атап айтсақ, "Балалық шаққа саяхат" (1968), "Шоқ пен Шер" (1971), "Күсен-Күсеке" (1975), "Нан мен тұз", "Сүйкімді" (екеуі де 1975), "Адамдар арасында" (1977), "Сен 12-ге толғанда" (1978), "Саған күшік керек пе?" (1994), "Жамбылдың жастық шағы" (1996), т.б. фильмдер бар. "Қазақфильмде" еңбек етіп, көптеген фильмдерге дубляж жасады. 1958 жылы Қазақ академия балалар мен жасөспірімдер театрының құрамымен Мәскеу қаласында өткен Қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігінде және гастрольдік сапарлармен Қазақстанның барлық дерлік қалаларында болып, өнер көрсеткен. 1986 жылдан құрметті демалыста.[1]

Дереккөздер

🔥 Top keywords: Мәңгілік бала бейнеАбай ҚұнанбайұлыТабиғи ресурстарды ұтымды пайдалануШоқан Шыңғысұлы УәлихановТәуелсіз Мемлекеттер ДостастығыҚазақстанБауыржан МомышұлыҚазақстан географиясыҒылыми-техникалық революцияСемей полигоныБасты бетҚазақстанның экологиялық проблемаларыҰлы Жібек жолыБактерияларЭкологиялық жүйеҚазақстанның сыртқы саясатыҚазақстандағы туризмБіріккен Ұлттар ҰйымыЖалпы Ұлттық ӨнімШанхай Ынтымақтастық ҰйымыДүниежүзі елдерін даму деңгейі бойынша топтастыруПопуляцияШәкәрім ҚұдайбердіұлыМемлекеттік басқару формасы бойынша елдер тізіміҚожа Ахмет Ясауи кесенесіЖалпы ішкі өнімБесеудің хатыЕкінші дүниежүзілік соғысСырым Датұлы бастаған қазақтардың ұлт-азаттық қозғалысыҚазақстанның географиялық орны мен шекараларыДамушы елдерХалықаралық ұйымдарЫбырай АлтынсаринЭкологиялық проблемаАрнайы:ІздеуБайқоңыр (ғарыш айлағы)Қаныш Имантайұлы СәтбаевВирустарТуризм