Тасылымды құрылыс

Тасылымды құрылыс (OSC, ағылш. Off-site construction) — құрылыс элементтерін соңғы орнатылған орнынан басқа жерде өндіруді, жоспарлауды, жобалауды, дайындауды және құрастыруды білдіреді, ал бұл тұрақты құрылымды тез құрастыруға және тиімді құрылыс жасауға пайдалы болады.

Құрастырмалы бетон панельдермен салынып жатқан үй.

Классикалық тұрғыдан айтқанда, Қазақ киіз үйі осы тасылымды құрылыс түрінің жиналмалы және мәдени-эстетикалық түріне жатады деуге болады.

Ол әдетте нақмайданды құрылысқа (ағылш. onsite construction) салыстырмалы айтылады.

Тасылымды құрылыстың негізгі элементтері құрылыс алаңынан тысқары жерде дайындалады, сосын алаңға тасымалдап әкелінеді, немесе құрылыс алаңына әкеліп құрастырылады, сосын соңғы тұрақты орнын табады. Тасылымды құрылыс күнібұрын кешенді жоспарлау мен даярлану және жеткізу тізбегін оңтайландыру (supply chain optimization) стратегиясымен ерекшеленеді. Тасылымды жасау (Offsite manufacturing, OSM), сыртқылықты өндіру (offsite production, OSP) және сыртқылықты құрастыру (offsite fabrication, OSF) қатарлыларды қолдану зауыт жұмысын оңтайландырады.[1]

Құрылыс конфигурациялары

Құрастырмалы Airbus қанат жинағын тасымалдау

Тасылымды құрылыс (нақпайданды құрылыс секілді) әртүрлі мақсаттарда, соның ішінде тұрғын үй, оқыту, денсаулық сақтау және коммерциялық мақсатта қолданылады. Ғимараттарды құраушы элементтер бірнеше моделді блоктан бастап бірнеше жүз блокке дейін жетуі мүмкін. Олар архитектуралық конфигурацияларда орналасуы мүмкін және биіктігі көп қабатты болуы мүмкін.

Ұқсастықтар

Тасылымды құрылыс әдетте модулды құрылысқа (modular construction) өте ұқсайды, бірақ ол бастысы тұрақты орналасатын құрылысқа арналған; ал, модулды құрылыс тұрақты да, ауыстырылымды да болуы мүмкін. Тасылымды құрылыс әдетте құрылыс технологиясының заманауи моделдерімен (MMC) үйлестіріліп қолданылады.

Тағы қараңыз

  • Нақмайданды құрылыс - onsite construction
  • күнібұрынғы құрастырма - Prefabrication
  • Модулды ғимарат - modular construction
  • Модулды сынып - Modular classroom
  • Модулды дизайн - Modular design
  • Модулды үй - Modular home
  • Ашық қайнар архитектурасы - Open source architecture
  • Құрастырмалы үй - Prefabricated Home

Сыртқы сілтемелер =

Дереккөздер

🔥 Top keywords: Мәңгілік бала бейнеАбай ҚұнанбайұлыТабиғи ресурстарды ұтымды пайдалануШоқан Шыңғысұлы УәлихановТәуелсіз Мемлекеттер ДостастығыҚазақстанБауыржан МомышұлыҚазақстан географиясыҒылыми-техникалық революцияСемей полигоныБасты бетҚазақстанның экологиялық проблемаларыҰлы Жібек жолыБактерияларЭкологиялық жүйеҚазақстанның сыртқы саясатыҚазақстандағы туризмБіріккен Ұлттар ҰйымыЖалпы Ұлттық ӨнімШанхай Ынтымақтастық ҰйымыДүниежүзі елдерін даму деңгейі бойынша топтастыруПопуляцияШәкәрім ҚұдайбердіұлыМемлекеттік басқару формасы бойынша елдер тізіміҚожа Ахмет Ясауи кесенесіЖалпы ішкі өнімБесеудің хатыЕкінші дүниежүзілік соғысСырым Датұлы бастаған қазақтардың ұлт-азаттық қозғалысыҚазақстанның географиялық орны мен шекараларыДамушы елдерХалықаралық ұйымдарЫбырай АлтынсаринЭкологиялық проблемаАрнайы:ІздеуБайқоңыр (ғарыш айлағы)Қаныш Имантайұлы СәтбаевВирустарТуризм