Таусоғар

Таусоғар - қазақ мифологиясындағы қиял-ғажайып ертегілері иен ежелгі эпос кейіпкерлерінің бірі. Таусоғар серіктері - Желаяқ, Саққұлақ, Көлтауысарлар ‘’арғы әлем’’ мен ‘’осы әлемнің’’ шекаралық мекенінде өмір сүретін мифтік бейнелер. Таусоғар достарымен бірге екі әлемнің аясында ертегі кейіпкерлеріне көмектесіп,’’арғы әлем’’ өкілдерімен кездесіп, кейіпкерлердің жеңіске жетуіне ықпал етеді. Ертегі сюжеттерінде кейіпкер зәулім бәйтерекке шығып,самұрыққа мініп,’’ өзге әлемге ’’сапар шегеді, сол тұста Таусоғарға жолығып достасады. Зерттеушілер қиял-ғажайып ертегілерінің аталмыш кейіпкерлерін табиғаттың дүлей күштері елесінің адам қалпына түскен бейнесі екендігін айтады (В.Я.Пропп,С.Қасқабасов). Ежелгі түркілер түсінігінде бұл кейіпкерлер табиғат күштерінің, рухтың иелері саналған. Олардың әрбірінің өзіндік мекені бар, олар сол межеден аспай, өз мекенінде қала береді, демек сол кеңістікте ғана билік жүргізе алады. Мифтік таным бойынша Көлтауысар - көл иесі, Желаяқ - жел иесі, Таусоғар - таудың –рухани иесі саналған. Ал ертегілерде Таусоғар бас кейіпкердің көп көмекшілерінің бірі ретінде ғана көрінеді,Таусоғардың мекені тауда немесе таумен тығыз байланысты. Оның бұл қасиеті алып дәу бейнесіне ұқсас келеді,бірақ екеуінің арасында айырма бар.Алып дәу-жартылай адам, жартылай мифтік тұлға,оның дене бітімі кейде құрал-сайманы тауға айналып кетеді. Мысалы оның Толағай тауына, Тасбас шоқысына,енді бірде Бөрітастаған тауына айналады.[1]

Дереккөздер

🔥 Top keywords: Мәңгілік бала бейнеАбай ҚұнанбайұлыТабиғи ресурстарды ұтымды пайдалануШоқан Шыңғысұлы УәлихановТәуелсіз Мемлекеттер ДостастығыҚазақстанБауыржан МомышұлыҚазақстан географиясыҒылыми-техникалық революцияСемей полигоныБасты бетҚазақстанның экологиялық проблемаларыҰлы Жібек жолыБактерияларЭкологиялық жүйеҚазақстанның сыртқы саясатыҚазақстандағы туризмБіріккен Ұлттар ҰйымыЖалпы Ұлттық ӨнімШанхай Ынтымақтастық ҰйымыДүниежүзі елдерін даму деңгейі бойынша топтастыруПопуляцияШәкәрім ҚұдайбердіұлыМемлекеттік басқару формасы бойынша елдер тізіміҚожа Ахмет Ясауи кесенесіЖалпы ішкі өнімБесеудің хатыЕкінші дүниежүзілік соғысСырым Датұлы бастаған қазақтардың ұлт-азаттық қозғалысыҚазақстанның географиялық орны мен шекараларыДамушы елдерХалықаралық ұйымдарЫбырай АлтынсаринЭкологиялық проблемаАрнайы:ІздеуБайқоңыр (ғарыш айлағы)Қаныш Имантайұлы СәтбаевВирустарТуризм