Термин

Термин (лат). terminus - ғылым, техника, өнер туралы және т.б. кейбір тұжырымдаманың атауы болатын сөз немесе сөз тіркесі. Әдетте тілдегіқандай сөз болсын көп мағыналы болып келеді де, оның мағыналықшегі айқын болмай, жылжымалы 6олады. Ал ғылыми ой-пікірді дәл білдіруүшін сөздің мағынасы тұрақты,айқын болу қажет. Сондықтан сөздің мағыналық шегін дәл белгілеп, сөзді сол нақтылы бір мағынада ғана алып қолдану арқылыжасалады. Әдебиеттану ғылымындақолданылатын көркемөнер, көркембейне (образ), идея, мазмұн ментүрі сюжет, лирика, эпос, драма,стиль, өлең құрылысы, әдеби процесс; көркемдік әдіс, жанр дегендер. міне, осындай терминдер қатарынажатады. Терминдер толық мәнінде сапалы болу үшін ол жалпыға түсінікті,мағынасы мейлінше нақтылы,айқын болуы шарт және ғылыми терминология құрамындағы басқаұғымдармен тығыз байланысты,қолдануга ыңғайлы болмақ керек. Әдебиеттану ғылымында терминдер табиғатты зерттейтінғылымдардағыдай немесе логика, философия сияқты қоғамдықғылымдардағыдай әбден жүйете түскен, толық қальптасқан сипатта кездесе бермейді, яғни, термин деген ұғымның қатаң талабына сәйкес келебермейді. Бұл жағдай әр ғылымныңпәніне зерттейтін обьектісіне де,қалыптасқан зерттеу тәсілдеріне дебайланысты болса керек. Қалайдаәдебиеттану ғылымында нақтылыанықтама беру, жүйелі түрде талдау, топтап-жіктеуден гөрі, баяндапайту жағы басым келеді де, ғылымиұғымның терминнің мағыналық шегінбұлжытпай, айнытпай үнемі дәлсақтап отыруға сондайлық мән беріле қоймайды. Ал мұндай жағдай және ғылыми мағынасы әлітолық айқындалмаған "жартылай" терминдердің көп болуы зерттеу жұмысын қиындата түседі. Ғылымитерминдер жүйелі түрде қалыптасса, әрітермин терең мағыналы болып, әдебиқұбылыстың сипатын нақтылы,дәл көрсетсе ғана зерттеу еңбектердің теориялық дәрежесін биіктетугежол ашылады. Терминдік жүйенің дамуы ғылыми танымның өрісін кеңейтетүспек. Аристотельдің "Риторика, "Поэтика", Буалоның "Поэзия өнері" жазылған кезден бастап,метафора, стиль, т.б.ұғымдардыдәл айқындап, нақтылай түсумақсатындағы талпыныстар да міне, осыны дәлелдейді. Ал кейінгікезде әдебиеттанудың кейбір саласында, мысалы, поэтика, өлең құрылысын зерттеуде негізгі терминдерді бір мағыналы, тұрақты қолданутерең талдауға, жаңа қорытындылар жасауға көмегін тигізді. Қазіргі ғылымда терминологиялық құрылымның жүйелене түсуі, жалпы философиялық терминдер, оның әдебиеттану саласы лингвистика, соңғы уақытта математика, семиотика терминдері есебімен толыға түскені байқалады. Бұл әсіресе жазушылардың тіліне, фольклортануға арналған еңбектерден айқын аңғарылады.Қазақ әдебиеттану ғылымында да терминдерді қалыптастыруда бірталай жетістіктер баршылық. Әсіресе қазақ поэзиясына, сөз өнеріне тән ұлттық сипаттағы әдеби құбылыстарды, соның ішінде, жырау, жыршы секілді ұғымдарды ауыз әдебиетінде кең өріс алған суырыпсалма өнеріне,өлең-жырды, дастанды термелеп айту дәстүріне қатысты ұғымдарды,айтыс, шешендік сөздер, өлең, қарасөз, жыр, толғау сияқты сан алуан жанрлық түрлерді сипаттайтынұғым-терминдерді орнықтыруға айтарлықтай назар аударылып келеді.Бұл салада айрықша бағалы еңбексіңірген Ахмет Байтұрсынұлы болды.Оның 1926 жылы "Әдебиет танытқыш"атты кітабында халық поэзиясына, әдебиетіне қатысты көптегентерминдер алғаш жүйеге түсірілді. Оныңбірталайы әдебиеттану ғылымындаорнығып, қолданылып келеді. Алкейбір кезде мән берілмей, не еленбей қалғандарын жаңадан қарап,орнымен қолдану - келешектегіміндет. Соңғы кездерде қазақ тіліндегі терминдер әдебиеттануда ғылымиойдың дамуына байланысты оданәрі дамып, толыға түсті. Алайда бұлсалада атқарылатын істер аз емес.Ғылыми ұғымдардың қазақ тіліндемағынасын терең ашып жеткізетінжәне өзі жатық, құлаққа жағымды,көпшілік жақсы қабылдайтынтерминдерді әлі де көптеп қалыптастыруқажеттігі бүгін өмір талабынан туыпотыр.[1][2]

Дереккөздер