Торап

Торап (түйін) (Узел; node) - машинаның, құрылғының, тетіктің біршама қарапайым элементтен тұратын бөлігі; желінің жеткізуші ортасына тікелей қосылған кез келген құрылғы;

  1. көп процессорлық сәулеттің негізгі ұғымы. Түйін — жедел жад пен енгізу-шығару құрылғысы бар жөне бір немесе бірнеше процессордан тұратын есептеу жүйесі. Түйін құрамында операциялық жүйенің тек бір ғана көшірмесі болады;
  2. негізгі желілік қызметті (желіге қызмет ету, хабарларды жеткізу және т.б.) орындайтын желідегі компьютер. Желі торабы дегеніміз — бірдей хаттамаларды пайдаланатын екі желіні байланыстыратын компьютер. Торап үйлесімді екі желідегі тек осындай екі программаның байланысын жасақтайды. Бірдей хаттамаларды пайдаланатын екі желіні көпір арқылы жалғастырған кезде көпір арналық деңгейдегі дестені бірден көрші желіге береді. Оның торабы мен маршруттауышы өзінің желісі бойынша мөлімет берілетін конверттегі қызметтік ақпаратқа түсініктеме бере отырып, ақпаратты бере алады. Желі Тораптарының көпірлерден ерекшелігі — олар жұмыстың желілік деңгейдегі құрылғылары болып саналады. Сондай-ақ олар хаттамальіқ тәуелді болады, өйткені мәліметтерді сүйемелдейтін қызметтік ақпаратты пайдаланады.[1][2]
  3. дербес жинақталған бірлік болып саналатын, өнеркәсіптегі бірнеше тетіктердің жиынтығы.
  4. жүзетін көліктің жылдамдығын анықтауға арналған жылдамдық бірлігі 1 торап=І,852 км/сағ.

Дереккөздер