Турбовинтті қозғалтқыш

Турбовинтті қозғалтқыш – негізгі тарту күшін ауа винті, ал қосымша тарту күшін (8 – 12%) реактивті соплодан шығатын газ ағыны тудыратын авиациялық газ турбиналық қозғалтқыш. Ол дыбыс жылдамдығына дейінгі жылдамдықпен ұшатын ұшақтар мен тікұшақтарда пайдаланылады. Ұшақтың ұшуы кезінде атмосферадағы ауа Турбовинтті қозғалтқышқа келіп, ауа іріктеуіште, содан кейін турбокомпрессорда сығылады. Сығылған ауа жану камерасына беріледі де сұйық химиялық отынмен (авиац. жанармай) араластырылады. Отынның жануы кезінде түзілген газ компрессор мен ауа винтін айналдыратын турбина ішінде, бұдан кейін соплода ұлғаяды. Турбокомпрессор роторы мен ауа винтінің айналу жылдамдығын бір-біріне үйлестіру үшін немесе айналу моментін винтке беру үшін (тікұшақтарда) редуктор пайдаланылады.[1]

Сурет:TVD-schema.png
Турбовинтті қозғалтқыш сызбанұсқасы: 1 — әуе винті; 2 — редуктор; 3 — турбокомпрессор.
Түрлі түсті сызбанұсқасы
ATR-72 ұшағының турбовинтті қозғалтқышы

Сілтеме


🔥 Top keywords: Әлемнің жеті кереметіАбай ҚұнанбайұлыМіржақып ДулатұлыЕсік Алтын адамыҚазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніЭскимостарҚазақстанның жеті кереметіҚаныш Имантайұлы СәтбаевҚазақша жыл санауБауыржан МомышұлыЖелтоқсан көтерілісіШоқан Шыңғысұлы УәлихановБасты бетКенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалысӘбілхан ҚастеевТыныс алу жүйесіАхмет БайтұрсынұлыСырым Датұлы бастаған қазақтардың ұлт-азаттық қозғалысыАңыздың ақырыЗілді бұйрықПортал:Абай Құнанбайұлы/Қыс өлеңіКенесары ханҚұрманғазы СағырбайұлыАрнайы:Іздеу1836-1838 жылдардағы халық-азаттық көтерілісЫбырай АлтынсаринСақтарҰлы Жібек жолыБәйтерек (монумент)Жамбыл Жабайұлы1916 жылғы Қазақстандағы ұлт-азаттық көтерілісҚайрат Ноғайбайұлы РысқұлбековКаспий теңізіМедеуМұхитТыныс алуМағжан Бекенұлы ЖұмабаевҚазақстандағы су қоймаларының тізіміДомбыра