Турбо Агент Дадли

Турбо Агент Дадли (немесе Турбоит) — американдық мультсериал, Бутч Хартманның Nickelodeon телеарнасына арнап жасаған туындысы. Бұл фильмде «Т. У. Р. Б. О.», агентігінде жұмыс жасайтын, өте қауіпті қылмыскерлерді ұстауға машықтанған тыңшылар жайлы баяндалады. Қазақстанда мультсериал НТК телеарнасында көрсетілген болатын.

Сюжеті

Агент Дадли - Т.У.Р.Б.О. агентігінде жұмыс істейтін ит. Ол Кит есімді әріптесімен және Кесвикс есімді итпен бірге жұмыс істейді. Олар бірлесіп О.С.К.А.Л. ұйымына қарсы күреседі. Бұл ұйымды қылмыс әлемінің ақылдысы, сараң, жиіркенішті тышқан - Крысер басқарады. Барлығы тамаша болатын, әрине жалқау Дадли мұны өзгертпейінше.

Кейіпкерлер

Т. У. Р. Б. О агенттігінің мүшелері

  • Дадли ит — ең басты кейіпкер. Бойында қазақ төбетінің қаны бар ит. Бесбармақ жегенді жақсы көреді. Мамырда дүниеге келген. Ағаш үйде тұрады. Шалбар кимейді. Тапсырмалардың көбі оның кесірінен орындалмай қалады. Жауапсыз кейіпкер ретінде көрінсе де, жағдай қиындағанда ол өзгереді. Ірімшігі жоқ пиццаны және көкөністерді жек көреді. Иісшілдік қасиеті өте жоғары деңгейде. Ол «Үйректер» шоуы фанклубының президенті. Ол тіс дәрігері мен найзағайдан қорқады. Вудчак Норристың (Чак Норриске пародия) жанкүйері.
  • Китти Катсуел (Kitty Katswell) — сезім қабілеттері жақсы дамыған мысық. Дадлидің әріптесі. 120 тілді және жекпе-жек өнерінің барлық түрін меңгерген. Агенттерге арналған құпия колледжде 8 жыл оқыған.
🔥 Top keywords: Мәңгілік бала бейнеАбай ҚұнанбайұлыТабиғи ресурстарды ұтымды пайдалануШоқан Шыңғысұлы УәлихановТәуелсіз Мемлекеттер ДостастығыҚазақстанБауыржан МомышұлыҚазақстан географиясыҒылыми-техникалық революцияСемей полигоныБасты бетҚазақстанның экологиялық проблемаларыҰлы Жібек жолыБактерияларЭкологиялық жүйеҚазақстанның сыртқы саясатыҚазақстандағы туризмБіріккен Ұлттар ҰйымыЖалпы Ұлттық ӨнімШанхай Ынтымақтастық ҰйымыДүниежүзі елдерін даму деңгейі бойынша топтастыруПопуляцияШәкәрім ҚұдайбердіұлыМемлекеттік басқару формасы бойынша елдер тізіміҚожа Ахмет Ясауи кесенесіЖалпы ішкі өнімБесеудің хатыЕкінші дүниежүзілік соғысСырым Датұлы бастаған қазақтардың ұлт-азаттық қозғалысыҚазақстанның географиялық орны мен шекараларыДамушы елдерХалықаралық ұйымдарЫбырай АлтынсаринЭкологиялық проблемаАрнайы:ІздеуБайқоңыр (ғарыш айлағы)Қаныш Имантайұлы СәтбаевВирустарТуризм